СУФИЗМ (АЛЬ-ГАЗАЛИ,
ХОДЖА АХМЕТЯССАУИ).
6.03.2023
21-02 Мейрбек Аружан
Газизова Айжанар
Суфизм (сопылық) — исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-
мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол
рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне
жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді. Ғазали Сопылыққа
философия мен қаламдық ойлау әдістерін енгізді. Үш түрлі
сопылық филос. ағым пайда болды. Олар: Уахдат ул-Вужуд
(болмыстың бірлігі), Уахдат уш-Шухуд (әр нәрседе тек Алланың
болмысын көру) және Уахдат ул-Қусуд (Алланың ерік пен мақсат
бірлігі). Уахдат ул Вужуд түсінігін жүйелі ағымдық мәнге
айналдырған Мухи-уд Дин Ибн ул-Араби деп танылады. Ибн-ул
Арабидің түсінігінде болмыс бір ғана ақиқаттан тұрады.
Тасаууф ілімі
Тасаууф ілімінде жүрек – иманның тұрағы, ұлы Жаратушыға деген
сүйіспеншіліктің мекені болып табылады. Өйткені адамның өзегі, дәні,
дененің патшасы болып табылатын жүрек немесе көкірек көзі иманмен
оянып, мағрифатпен қанағаттанып, махаббатпен шабыттанып шекара
танымай, заттың ішкі мәніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпқа құлаш
ұрады. Фахреддин Рази, имам Ғазали сияқты ғұлама ғалымдар мен
Бейбарыс, Бабыр, Мұхаммед Хайдар Дулат сияқты мемлекет басшылары
зуїд, яғни сопылық жолында болған. Ал Мухасиби, Келебази, Кушейри,
Араби, Иасауи, Руми, Раббани, Жами сынды мутасаууфтар исламның қайнар
бастауларына сүйене отырып сопылық жолдың әдебі мен тәртібін
қалыптастырып, орнықтырған еңбектер жазды.
Сопылықтың қалыптасу кезеңдері
Сопылық ойлаудың негізгі кезеңдері бар. Олар дегдарлық (зухд) тасауф
(суфи) және тариқат кезеңі деп шартты түрде бөлінеді. Кезеңдер
сопылықтың тарих ішінде дамып, өзгерістерге ұшырауының ерекшелігіне
қарай жіктелген. Ислам философия тарихында Абу Зар әл-Гифари сияқты
сахабалардан бастап Хасан ал-Басриге (728 ж.ш.ө.) дейінгі аралықты
суфизмнің алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл дәуірле сопылық
мақсаты жағынан философиялық, метафизикалық мәселелерге қарағанда
парасатты іс пен көркем ахлақты адам болуға бағытталған практикалық
мәндігі қозғалыс болатын. Сопылар әуелгіде, яғни табиғин кезеңінде
өздерін заһидтер, яғни зуһд жолын ұстанушылар деп атаған.
Ал, сопылық ілімнің бастапқы әрі негізгі
ұғымдарының бірі зуһд - Аллаһ Тағаладан басқа
барлық нәрседен (ма сиуа Аллаһ) бас тарту
болып табылады.
Алғашқы дәуірдегі сопыларды: хадистерді жинаушылардың
тобынан шыққандар, жиһангер жыршылар мен дін
уағыздаушылары, Құранды нақыштап оқушылар, әділет шеруіне
қатысушылар, діндар қолөнершілер мен саудагерлер құрады.
Исламдағы тақуалық-мистик. жүйенің шығуы мен дамуы
себептерінің қатарына мұсылман қауымы өмір сүрген алғашқы
екі ғасырдағы қоғамдық-саяси жағдайларды жатқызуға болады.
Бұл кезде дұниеден баз кешушілік құлқы туды. Рухани әрі
идеялық терең ізденістермен көрінген діни өмірдің жаппай
күрделенуі басталады. Бұл кезеңдерде сопылық дүниетаным
мен ас-суфи дүниеге кең тарай қоймаған. Дегдарлық (зухд)
кезеңнің тарихи өкілдері Хасан әл-Басри, Уәйс әл-Карани,
Рабиға әл-Адауийа, Малик бин Динар, т.б.
Сопылықтың екінші кезеңі
Хасан ал-Басридин (728 ж.ө.)
басталып,Газалиге(1055 - ІНІ ) дейінгі
аралықты қамтиды. Тасауф кезеңінің
ең басты ерекшелігі ғылым, таным
және экстазға ден қойды. Бұрынғы
амалды, тағатта, дегдарлық сол
қалпында сақтай алмады.
Өкілдері Мағруф Кархи (815), Бишр Хафи (841), Әбу Сүлеймен
Дарани "(НЗО)гЗуннун Мысри (859), Баязит Бистами (874),
Жунайд Бағдади (909), Әбу Саид Харраз (885), Сарп Сақати
(870), Хамдун Қассар (884), Хаким Тирмизм (898), Сахл Тустари
(886), Әбу Хусайн Нури (907), Әбу Хафс Хаддад, т.б.
Бұл кезеңде С. дүниетаным тәжірибелік мәндік
деңгейден теориялық-филос. және спекулятивтік
доктриналарға көтерілді деуге болады.
Сопылықтың бұл деңгейге көтерілуіне Ислам
философияның әсері күшті болды. Сопылық
философиялық Хасан әл-Басри пікірлері негізінде
бірте-бірте дами бастады. Кейінгі дәуірлерде
сопылық ағымдар теориялық тұрғыдан Маламатийа
және Исбатийа болып екі жікке айрыла бастады.
Сопылықтың доктриналық және теориялық
негіздеуге деген ұмтылысы IX ғ-дың бас кезінде
басталды.
СОПЫЛЫҚ ІЛІМ ӘУЕЛДЕН-АҚ ДҮНИЕНІҢ
ТЕТІГІН АДАМҒА ТӘН ДЕП ТАНЫДЫ: ОЛАРҒА
АДАМНЫҢ ЖАН ДҮНИЕСІНІҢ НӘЗІК
ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ТАЛДАУ ЖАСАУ, АДАМ
ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҚҰПИЯ СЕБЕПТЕРІНЕ, ӨЗ
БАСЫНЫҢ ҚАЙҒЫСЫНА НАЗАР АУДАРУ, ДІНИ
ШЫНДЫҚҚА ІШТЕЙ БАРЛАУ ЖАСАУ СИЯҚТЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР ТӘН. СОПЫЛЫҚ ІЛІМ
МҰРАТГАРЫ МҰСЫЛМАНДАР АРАСЫНДА ӨТЕ
ТЕЗ ҚОЛДАУ ТАУЫП, ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫДЫ.
СОПЫЛЫҚТЫҢ ИСЛАМНЫҢ ӨЗГЕ
АҒЫМДАРЫНАН БӨЛЕК, ТЕК ӨЗІНЕ ҒАНА ТӘН
ОРТАҚ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҮРДІСТЕРІ
ҚАЛЫПТАСТЫ.
Осы кездей бастап
тасаууф теориясы қызу
өңделуден өтті. Көптеген
сопылық мектептер
ашылып, олардың
айырықша беделділері
басрилықтар ғана емес,
бағдадтық,
хорасандықтар да болды
Достарыңызбен бөлісу: |