Кульбаева Бакит Сагиндыковна



бет4/5
Дата08.06.2020
өлшемі45,21 Kb.
#72652
1   2   3   4   5
Байланысты:
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Өзіндік жұмыс дегеніміз - оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiне қарай, ой- өрісі кеңейтуге, дүниетанымын дамытуға негізделген тапсырмаларды орындау. Ә.Мұхаметжанова: «Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, оларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін апаруға тәрбиелейді» - деп өзіндік жұмыстардың тұлғаны қалыптастырудағы тиімділігін баса айтып кеткен [5].

Тақырыпты толық меңгеруде өзіндік жұмыстың тиімділігі:

- қарастырылатын тақырып аясында білімді тереңдетуге;

- ізденушілік қабілетін дамытуға;

- теория мен практикада алған білімдерін ұштастыра отырып, өз ойын, пікірін дәлелдеуге мүмкіндік жасайды.

Өз бетінше оқытуды қалыптастыру, ұйымдастыру оқытушы мен білім алушыға байланысты. Жоғарыда айтып кеткендей, қашықтықтан оқытудың ерекшелігі қарастырылған тақырыптарды өз деңгейінде игеру студенттің өз құзырлығында. Аталмыш үрдісті сапалы, жүйелі түрде жүргізілуін ұйымдастыру желінің, компьютердің, электрондық оқулық, аудио- визуальды кұралдар, детелекоммуникация құралдарының сапалы және қолжетімді болуына байланысты. Ал, ақпараттық кеңістікте білім алуды ұйымдастыруда оқытушының алдына қойылатын міндет- психологиялық және педагогикалық әдістерді пайдалану арқылы білім алушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескере отырып, оқыту үрдісі барысында мақсат пен міндетті қою, мәселені шешудің жолдарын табу, білім алушылардың арасында байланыс орнату, өз бетінше жұмыстарын бақылау болып табылады. Сонымен қатар, курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесіне ыңғайластырады, оқу үрдісінің жүргізілу барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында бақылай отырып, ұсыныстар береді. Бұл міндетті орындау оқытушыдан шеберлік, білімділік, шығармашылықпен қатар, ақпараттық құралдармен атқарылатын жұмысты және оқытудың жаңа технологияларын білуді талап етеді. Білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту процесін жүргізуде оқыту курстарын ұйымдастыру, білім алушыларды желілік кешенді тесттер жинағы мен оқу материалдарымен қамтамасыз ету, кеңестер беру, білім алушылармен кері байланысты орнату және білімдерін бақылау т.б қызметтерді назарда ұстағандары дұрыс.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық өзара іс-қимылдан тұрады:

- студент пен оқытушының бір уақытта оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференцияларды қолдану арқылы;

- студент пен оқытушы белгіліленген уақытта қарым- қатынаста болмай білім алу процесі электрондық пошта бойынша хат алмасу немесе бейнесабақтар арқылы ұйымдастырылады.

Кездейсоқ басталған бұл жағдайдан шығу үшін Баишев университеті оқу орнының әкімшілігі білім беру мазмұны мен деңгейін, оқытушылар құрамы мен білім алушылардың санын ескере отырып, дереу қашықтықтан оқыту жүйесін оңтайлап, күшейтіп, жан- жақты қарастырып, шешім қабылдады.

Тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық және қаржылай мүмкіндігіне байланысты жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар: аудио- визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б. дайындалды.

Ойлануға ешқандай уақыт та, мүмкіндік те жоқ болғандықтан барлық профессорлық оқыту құрамы оқыту құралдарымызды дайындап, ақпараттық технологиялық білімдерімізді жинақтап, іске кірісіп кеттік. Platonus, ZOOM және WhatsApp, чат арқылы білім алушыларға дәрістер оқылып, тапсырмалар беріліп, кері байланысты орнатып жатырмыз. Бағдарламаға сай тақырыптар барысында бейнесабақтар түсіріліп, бейне конференциялар (вебинар) дайындалып, электрондық оқулықтар толықтырылып, тест жинақтары таратылды. Оn-line дәрістік сабақтар немесе курстық (дипломдық) жобаларға кеңес беру, қорғау мәселелерін шешуге мүмкіндік берді, қатысуға тиіс топтар мен жүргізілу уақыты күні бұрын белгіленді.

Жаңа тақырып бойынша баяндаулар алдын- ала жоспарланып, алдын-ала даярланып жүргізілді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіптік практиканы өткізілу де біраз дайындықты қажет етті. Оқу жылының басында оқу орнының мекемелермен, кәсіпорындармен отырған үш жақты келісім шарт негізінде, қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарды қайта құруға тура келді.

Сапалы білімді меңгерту барысында компьютерлік техниканы және жаңа технологияның барлық түрлерін ұтымды пайдалана отырып, оқытушыға да, білім алушыға да толыққанды үздіксіз білім беру, алу принциптерін ойдағыдай іске асыру мүмкіндік туып отыр. Дегенмен де, білім берудің бұл түрін оқу орнында толықтай енгізу оқытушылар мен студенттер арасында қиындықтар туғызды. Қашықтықтан оқыту жүйесінің тиімділігі мен артықшылығынан басқа, кез- келген істегі сияқты қате, кемшілік тұстары да болды.

Атап айтсақ: біріншіден, еліміздің шалғай ауылдық жерде тұратын студенттері желінің әлсіздігінен немесе жоқтығынан байланысқа шыға алмауы. Мұндай жағдайда пошта арқылы хатпен тапсырма жіберіліп отырды. Екіншіден, отбасының материалдық жағдайы, яғни жанұяда білім алатын екі немесе үш баланың болуы және оларға компьютердің жетіспеуі, үшіншіден, білім алуда кеңес, көмек беруде ата-ананың білімдерінің жетіспеулері, төртіншіден, баланың физиологиялық (үстел басында ұзақ отыруы, көзінің шаршауы т.б.), бесіншіден, қарым- қатынастың болмауы (сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры, эмоция, көңіл- күйді, интонацияны пайдалану) т.б. Болашақта қашықтықтан білім беру жүйесі мемлекет деңгейінде толықтай қаржыландыру арқылы жүргізіліп, жоғарыда айтылып кеткен кемшіліктерді ескерген жағдайда білім беруде ұтар тұстарымыз жеткілікті. Дүниежүзіндегі барлық жоғары оқу орындары осы технологияны пайдаланып, тиімділігін дәлелдеген.

Қорыта келе, қашықтықтан оқыту жүйеде оқытушы студенттің жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескере отырып, өзіндік жұмыстарды ұйымдастырады. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

Білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құра отырып, әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқып және қызметте жүрген адамдардың жас ерекшелігіне қарамастан, білім деңгейін көтеруге және ақпарат алуға, біліктілігін, ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттыруға негізделген үздіксіз білім берудің осы жүйесін тиімді, мақсатты, жүйелі пайдалану және дұрыс жүргізу мәселесі өзектілігін жойған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет