Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет18/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

қадым заманда, елдердің бір елінде, күндердің бір күнінде, ақылмен ұзақ 
ғұмыр кешіпті, осы ертегі сияқты ұзақ та бақытты өмір сүріңдер немесе 
«патшаның баласының үйлену тойында болдым, шарап іштім»
деген сияқты 
тіркесі орыс халқының ертегілерінде кездесетін «
И я там был, мед-пиво пил, по 
усам текло, а в рот не попало
!» деп аяқталатын тіркесімен өте ұқсас. Сонымен 
қатар қысқа, стандартты аяқтаулар да кездесіп отырады. Бұл клишелер барлық 
араб халық ертегілерінде кездесетін қалыптасқан клишелі формалар болып 
табылады. 
Ертегі дискурсындағы оқиғалар үнемі әртүрлі уақытта немесе кеңістікте 
әлеуметтік жағдаяттарға байланысты қайталанып отырады. Бұл туралы 
Н.А. Акименко былай деп жазады: «Ертегі дискурсының қайталама белгілері 
негізінде (эпикалық, баяндаушылық, көркем әдебиет, ғажайып / іске асыру, 
эстетика және ойын-сауық) ертегілік категориясын жанр қалыптастыратын 
қасиет ретінде анықтайды» [26, 39-42]. Ертегіні ерте кездерде бір халықтар той 
жиындарда көңіл көтеру мақсатында айтатын болса, кей халықта уақыт өткізу 
немесе тәрбиелік мақсатта айтып, тыңдайтын болған. Мысалы, қазіргі уақытта 
«Балапан» теледидар бағдарламасынан көресетілетін ертегі дискурсы кішкене 
бүлдіршіндердің танымы мен тәрбиесін қалыптастыру мақсатында қайталанып 
отырады. Ертегі дискурсына қайталап айту сипаты тән деп тұжырымдаймыз. 
Зерттеу жұмысымызда көрсеткеніміздей, ертегі дискурсы дегеніміздің өзі 
ертегілік категориясын жүзеге асыратын белсенді орта. Ертегі дискурсы болуы 
үшін міндетті түрде ертегілік категориялар болуы шарт. Олай болса, ертегі 
дискурсына дискурстың ешбір жанрында кездеспейтін ертегілік категориялары 
тән. Оған ғажайыптылық, құндылық, фантастикалық қиялдың болуын 
жатқызамыз. Ертегі дискурсында шынайы өмірде болмайтын, шындыққа 
жанаспайтын, алайда ерекше фантастикалық қиялымен үлкенді де, кішіні де 
өзіне тартатын оқиғалар орын алады. Сол оқиғалардың астырт құрылымында 
ертегі дискурсының барлық құндылығы жатады. Ертегі дискурсының сол бір 
астырт құрылымы арқылы тыңдарман немесе оқырман белгілі бір ұлттың
этностың болмысын, танымын, дәстүр-салтын, дүние бейнесін көре алады. 
Ертегі дискурсында адамзат баласының арман-қиялы орын алады. Оқиға 
шынайы түрде емес, таңғажайып түрде өтіп жатады. Мысалы, бала немесе 
құлын күн сайын емес, сағат сайын өседі, сәби адамнан емес, түрлі заттардан 
немесе жануардан туады («Иван – коровий сын», «Нан батыр»), алты айда алып 
батыр болады. Осы тәріздес шынайы өмірде болмайтын заттар бейнеленеді. 
Ертегішілер өлмейтін немесе өлі адамды тірілтетін дүниелер ойлап шығарады. 
Мысалы, орыс ертегілерінде кездесетін «тірі су» (живая вода), адамды 
жасартатын алма (Сказка о молодильных яблоках и живой воде), ал қазақ 
ертегілерінің соңында кейіпкерлердің ұзақ уақыттан кейін қайтадан жас кезіне 
қайтып келуі, батырдың ғажайып көмекшілері – Таусоғар, Желаяқ, Көлтаусар, 
жер асты патшалығы, ондағы патшалық иесінің адам емес жылан, айдаһар 
сияқты жануарлардан болуы (бұл орыс және қазақ ертегілеріне де тән) т.б. 
ертегі дискурсының ғажайыптылық пен ерекше қиялын сипаттайды. Араб 
ертегі дискурсында да араб елінің географиялық ерекшеліктері, халықтың ұғым 
түсінігіне орай тылсым күштер т.б. туралы хабар береді. Ертегі дискурсы 


44 
ирриалды кейіпкерлерді, оқиғалар мен жағдайларды (кеңістік, уақыт) қосумен 
сипатталатын, халықтық өнерден туындаған фольклорлық дискурстың бір түрі. 
Жоғарыда аталған ертегі дискурсы жанрына тән белгілер оны басқа дискурс 
жанрларынан ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі өлшемдер деп 
тұжырымдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет