39
Ертегі дискурсының жанрлық сипатына тән белгілерді төмендегідей
анықтаймыз:
• тілдік бірліктердің таңдап қолданылуы
• айтылымның нақты бір адресатқа бағытталуы
• жеке авторлық шеберлік (қарым-қатынас құзіреттілігі)
• ұлттық ерекшеліктің болуы
• қарым-қатынас мақсатының болуы
• дискурстық тәжірибенің болуы
• айтылымның типтік формаларының болуы
• айтылымның қайталану сипатының болуы
• ертегілік категориясының болуы
Ертегі дискурсының жанрлық сипатына тән белгінің бірі тілдік
бірліктердің таңдалып қолдануына келер болсақ, ертегі дискурсының
дискурстық тәжірибесінде тек ертегіге ғана тән арнайы тілдік бірліктер болады.
Оларды дискурстың басқа түрлерінен кездестіру мүмкін емес. Мысалы,
«
баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты»
(бай болса, міндетті
түрде малы көп болуы), кедей болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болады
(малдан тек ешкісі ғана бар), мықты батыр болса, міндетті түрде батырға лайық
атының болуы, батырдың жарының сұлу болуы, негізгі кейіпкердің
қарсыластары және олардың алып күшке ие болуы, алайда ақымақ болып келуі
немесе жетім бала, тазша бала сияқты кедейлердің ақылы көп, қысылтаяң
жерде сөз тауып, күшіне сенген дәуді, ақымақ патшаны ақылмен жеңіп отыруы
сияқты мысалдардан көрінеді. Аталған тілдік бірліктер, айталық сын есімдер
(әлсіз бала, кедей адам, сұлу қыз, ақылды ат, ақымақ патша) ертегі дискурсында
өздерінің қалыптасқан орны, яғни белгілі бір анықталушы мүшемен ғана
тіркеседі. Ертегі қаһарманының ерекше қасиеттері көркемдеп бейнелеу арқылы
беріледі, себебі абстрактілі құбылыстың мағынасын көркемдеу тәсілдері
арқылы ғана түсіндіру, адам санасына жеткізу мүмкін. Мысалы, «Қаңбақ шал»,
«Алтын балық», «Ұшқыш кілем», «Жүрдек етік» т.б. ертегілердің атаулары
ертегі дискурсында бейнелі атауларды білдіреді. Сондай-ақ кейіпкердің сыртқы
келбеті оның түріне, бет-әлпетіне емес, ол қалдырған әсерге ауыстырылып
отырады. Кейіпкер портретін беруде кейде оны нақты суреттеуден алшақ болу,
яғни дәлме-дәл сипаттамау, ертегіге тән тағы да бір тәсіл болып табылады.
Мысалы, "сөзбен айтып жеткізуге болмайтын сұлулық» («
Достарыңызбен бөлісу: