Култанбаева нургул калдыгуловна


Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемінің когнитивтік-



Pdf көрінісі
бет53/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

2.3 Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемінің когнитивтік-
коммуникативтік деңгейде өзектелуі 
 
Ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
өлшемінің 
когнитивтік-
коммуникативтік деңгейі екі аспектіде қарастырылады: коммуникативтік 
(дискурс – экстралингвистикалық факторлардың маңыздылығын өзектейтін 
әлеуметтік әрекет) және когнитивтік (дискурс – сана механизмі). Ертегідегі 
дискурстық әрекетке когнитивтік сипат тән, ол ақпаратты өңдеу мен білімді 
тасымалдаумен байланысты анықталады. Ертегі дискурсының когнитивтік-
коммуникативтік аспектісі қарым-қатынас ережесі туралы білім (қарым-
қатынасқа қатысушылар: ертегіші мен тыңдаушы, қарым-қатынас жағдаяты 
т.б.) мен дүние туралы білімге (дүниені ұлттық, мәдени, әлеуметтік, кәсіби, 
гендерлік және т.б. ерекшеліктермен қабылдау) негізделеді. Сөйлеуші өзінің 
тілдік білімі мен нақты жағдаятқа сәйкес қажетті тілдік бірліктерді қарым-
қатынас ережесіне сай таңдайды, сөйтіп дискурсқа түседі. Тыңдаушы өзінде 
бар білім мен дискурстық тәжірибеге сай ақпаратты қабылдайды. Дискурсқа 


96 
түсу үшін қарым-қатынас актісінде қандай тілдік құрылымдар таңдап 
алынады деген мәселе дискурстық әрекеттің когнитивтік аспектісін құрайды
және сол тілдік құрылымдар қандай түрде қолданылады деген сұрақ 
дискурстық әрекеттің коммуникативтік аспектісін анықтайды.
М.Л. Макаров 
коммуникативті 
әрекетті 
басқаратын 
танымдық 
құрылымдар, әдетте, қарым-қатынасқа қатысушылардың өзара әрекеттесуін 
көрсететін сценарийлер түрінде ұйымдастырылған деп санайды [119, 96]. 
Дискурсқа қатысу үшін ертегіші мен тыңдаушыда белгілі бір білімдер мен 
дағдылар жиынтығы болады, онда тек тілдік аспектілер ғана емес, сонымен 
қатар психологиялық категорияларды қамтитын тілдік ойлау аспектілері де 
жүзеге асырылады. «Қарым-қатынас адамның ойлауынсыз да, дискурссыз да 
мүмкін емес, ол тек лингвистикалық жоспарға ие (мұнда дискурс тіл мен тілдік 
құралдармен байланысты, нәтижесінде пайда болған мәтіндердің жиынтығында 
көрінеді), сонымен қатар лингвокогнитивті (дискурс тілдік санамен байланысты 
және тілдік құралдарды таңдауды анықтайды, мәтіндерді туғызу мен 
қабылдауға әсер етеді, үдеріс ретінде көрінеді)» [133, 201]. 
Ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
өлшемдерінің 
когнитивтік-
коммуникативтік аспектісі аталған дискурс түрінің адамның тілдік санасымен,
білімдер қорымен, оларға берілген бағасымен және ақпарат жеткізуге 
бағытталған қарым-қатынас стратегиясының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 
Олай болса, кез келген ұлттың тілдік санасы оның дүние туралы білімімен,
мәдениетімен, әлеуметтік ортасымен, діні, ділі, салт-дәстүрімен байланысты 
дамып, оның өзіне ғана тән коммуникативтік сөйлеу мінез-құлықтарын 
қалыптастырады, осыдан келіп әр ұлтқа тән ұлттық мінез қалыптасады деп 
тұжырымдаймыз.
Зерттеуіміздің осы тараушасында ертегі дискурсының лингвомәдени 
өлшемдерін анықтаудың когнитивтік-коммуникативтік аспектісі қарастырыла- 
ды. Когнитивтік-коммуникативтік аспекті аясында ертегі дискурсындағы 
қарым-қатынас мінез-құлқының ұлттық ерекшеліктеріне назар аударамыз, атап 
айтқанда мінез-құлықты басқару, қарым-қатынас ұстанымдары, жағдаяттың 
өзгеруіне байланысты өз шешімін өзгерте алу қабілеті, бейімделу білігі, ой 
ұшқырлығы т.б. 
Қазақ ертегі дискурсынан «жатсынбау» ұстанымы анық байқалады, яғни 
көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыз кез келген өмірлік жағдаятта бір-біріне 
көмек қолын созуды, қолдау көрсетуді, бірінен-бірі сүйеніш табуды рухани-
адамгершілік қасиет деп түсінген. Бұған тіліміздегі «адамның күні адаммен» 
деген мақалымыз дәлел болады. Қазақ ертегі дискурсында қарым-қатынастың 
аталған ұстанымы айқын көрінеді. Мысалы, «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет