Тәрбие сағат түрі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде.)
Қанатты сөздер:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.
1.Жүргізуші: Саламатсыздар ма ұстаздар мен студенттер! Бірінші кезекте топ болып әнұранды орындап шығайық.(3 мин).
2.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және студенттер ! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.
Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу — заман талабы айдарымен ұйымдастырылып отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Енді осы тақырыпта баяндама оқылады,соған назар салайық:
3.Топ жетекшісі: