Оқытушының жетекшілігімен өткізілетін - дайындық кезеңіндегі жұмыстарға түсті қарамаған абзал, себебі жұмыстың жақсы шығуы осы қызметке де тығыз байланысты. Орындалу кезеңінде салынған графикалық бейне, көлем, материалдардың бір-бірімен байланысы, жарық мөлшері, тұтастық заңдылығын сақтау, материалдық образды, бейнені шығару жолдары рет-ретімен жүргізіледі.
Сурет салғанда неден бастау керек және де неден бастап штрихтау керек деген заңды сұрақ туады. Бұл жөнінде көптеген оқулықтарда түрлі әдістеме, әр-түрлі тәсілдер айтылады. Біреулері көлеңкелі жерлерден штрихтаған дұрыс десе, енді біреулері ашық, жарық жерден бастаған абзал деген пікірде, үшіншісі кереғар тұстарды көрсеткен дұрыс дейді. Мүмкін, әдістемелік тұрғылан бұл пікірлер дұрыс та болар. Дегенмен штрихтағанда алдымен жалпы рең, өңді ұстауға ұмтылу керек, денелердің гармониялық байланысынан бастаған жөн. Мейлі ол композициялық пластикалық ізденіс, мейлі жеке дене формасы болсын, нұсқадағы жалпы реңдік қатынасты бірден таппай, кіші бөлшектерге көшуге болмайды. Тіпті кейде кіші бөлшектерді салу процессідеде үлкен масса, үлкен ауқымға да жиі-жиі оралып отырған жөн. Бұл әрине, қиынға соғуы ықтимал, дегенмен тұтас көру, тұтас салу суреттің басты заңдылықтарының бірі. Сурет салғанда осыларды ескерген дұрыс.
8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |