Іс-сапарға жіберілген қызметкерге келесідей шығындарды өтеуге береді: 1. екі жағына жол жүру билеттері
2.әрбір күнге тәуліктен (2 МРП - айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде)
3. тұрғын үйді жалдау шығындары (түбіртекті көрсету бойынша)
4. жол жүру билеттерін және қонақ үйінде пайдалану, төсек-орын жабдықтарын пайдалану шығындары, оларды растайтын құжаттары болған жағдайда.
5. жол жүру билеттері болмаған жағдайда жол шығындары көлікпен жүрудің ең төменгі құны бойынша қайтарылады.
Есеп беруші тұлға белгіленген мерзімде өзінің шығындары туралы аванстық есепті бухгалтерияға 3 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Бухгалтерия аванстық есепті тексеріп, ұйым басшысы бекітуге жататын сома шығындарын анықтайды. Есеп беруге тиісті тұлға мен есеп айрысудың жинақтау есебі №7 журнал-ордерде, айналым тізімдемесінде, ал талдау есебі аванстық есеп, 1252 талдау шотында жүргізіледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалар бойынша әрекеттер № 1252 «Есеп беретін сомалар» шотында жүргізіледі. Бұл шот активті, негізгі, есеп айырысу болып табылады.