- «Заттар табиғаты туралы» (б.д.д. I ғ.) дастанында мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарады. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Оның пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір – бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі заттардың, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның өмір сүретінін теріске шығарады
Стоицизм көне (Зенон, Кеманф, Архесипп); ортаңғы (Посидония, Панэредий); кейінгі (кештеу) (Эпиктет, Сенека, Марк Аврелия) Логика (тамыр), физика (ағаш) және этика (жеміс) ғылымдарының мәселелерін зерттеді - Барлық тіршілік ететіндер – алдын – ала анықталған: барлық оқиғалар табиғаттағы және қоғамдағы қатаң заңдылыққа бағынады, ол қайталанбас қажеттілік ретінде болады.
- Стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, ол арқылы адамды түсінуге ұмтылды. Өйткені табиғат көркем түрде жаратылған. Ендеше адам да ешбір бүлінбей , идеалды түрде шебердің қолынан шыққандай, өзінің мәнін айқара ашып, күнделікті күйбең өмірдің лас жағынан тазаланып шығуы керек. Сондықтан ол ешбір қайғыны, ауыр азапты басынан кешірмей, тыныш, жайбарақат өмір сүруге тиісті
Достарыңызбен бөлісу: |