Курсы : 1 Институты: Жаратылыстану және геошрафия


Бала құқығы Декларациясы» және ҚР «Балалар құқығы туралы» заңдары



бет6/21
Дата11.05.2022
өлшемі94,54 Kb.
#141919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Аманбаева Аружан практика

3.Бала құқығы Декларациясы» және ҚР «Балалар құқығы туралы» заңдары.
Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н.Ә.Назарбаев: «Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз»- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.


4.1. 27-статья.
27-бап.
1)Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2)Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3)Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

4.2. 30-статья.
30-бап.
1)Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2)Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
3)Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
4)Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет