Есеп №1. А. есімді науқас әйел 73 жаста. 3 ай бұрын сүт безіндегі қатерлі ісіктің салдарынан операция жасалған. 1 курс сәулелік терапия қабылдады. Сол қолының және қолтық астының ісінуіне шаңымданады.
Сұрақ: Науқастың дәл қазіргі жағдайы немен байланысты?
Науқастың басымды пробламасын айқындаңыз.
Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз.
Есеп №2. Науқас әйелдің жасы 47-де. Оң жақ сүт безін алып тастауға байланысты операция жасалған Операциядан кейін үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. Дәрігер үйіне антибактериальді дәрә-дәрмек ішуді ұсынған. Басқа нұсқаулар бермеген.
Сұрақ: 1. Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс па?
2. Дәрігер бұл науқасқа қандай ұсыныстар беруі қажет еді?
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?