ІІІ. 1 сәуірде 1990 жылы "Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды.
Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.
Қабылданған Заңга сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР басшысы болып табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, казақ және орыс тілдерін білетін азаматы Қазақ КСР Президенті болып сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.
Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР-інің азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлады. Қазақ КСР Президенті бір мезгілде Қазақ КСР немесе Халық депутаттары жергілікті кеңесінің халық депутаты бола алмады.
Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: республика аумағында түратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР Конституциясы мен зандарының сақталуына кепіл болады; республиканың суверенитетін, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өкілі болып табылады; Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы Кеңесіндегі өкілі болып табылады; Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне жыл сайын баяндама жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне кандидатураларды үсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үсыныс енгізеді; Қазақ КСР Министрлер Кеңесін орнынан түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алдына мәселе қояды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне үсынады;
Қазақ КСР зандарына қол қояды; қайта талқылау және дауыс беру үшін өзінің қарсы пікірлерін жазып, занды екі апта мерзімнен кешіктірмей Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне қайтаруға қүқылы; Қазақ КСР-інің мүдделерін қозғайтын КСРО заңдарының КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясына сәйкестіғі туралы КСРО Конституциялық қадағалау комитетіне үсыныс енгізеді; КСРО Министрлер Кеңесінің ҚазақКСР-інің мүдделеріне қайшы келетін қаулылары мен жарлықтарының қолданылуын тоқтата түру туралы КСРО Президентіне өтініш жасайды; КСРО Министрлер Кеңесіне оған қарасты басқару органдарының Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін актілеріне наразылық білдіреді және наразылық білдірілген актілердің Қазақ КСР аумағында қолданылуын тоқтатады; Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулылары мен жарлықтары, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің актілері Қазақ КСР Конституциясына және Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген ретте олардың қолданылуын тоқтатады, келіссөздер жүргізеді және Қазақ КСР-інің халықаралық шарттарына қол қояды; өзінде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақыру грамоталарын қабылдайды; Қазақ КСР-інің шет мемлекеттердегі және халықаралық үйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады; Қазақ КСР-інің қүрметті атақтарын береді және Қазақ КСР-інің мемлекеттік марапаттарымен марапаттсійды; Қазақ КСР-інің азаматтығына қабылдау, пана беру мәселелерін шешеді; Қазақ КСР соттары соттаған азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Қазақ КСР азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай енгізіп, қабылданған шешімді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне дереу табыс етеді.
Қазақ КСР Президенті жанында Қазақ КСР Президентінің Кеңесі жұмыс істеді, оның міндеті Қазақ КСР-нің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылды. Презндент Кеңесінің мүшелерін [Қазақ КСР ПрезидентҚазақ КСР Президенті тағайындайды. Президент Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша кіреді. Президент Кеңесінің мәжілістеріне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қатысуға құқылы. Қазақ КСР Президентінің ешкім тимеу құқығы бар. Президент Қазақ КСР Конституциясын бұзған ретте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Конституциялық қадағалау комитетінің қорытындысын ескере отырып, Қазақ КСР халық депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі даусымен Қазақ КСР Президентіне сенімсіздік білдіреді және оны орнынан түсіру туралы халықтық дауыс беру (референдум) өткізу жөнінде мәселе қояды. Осы заңмен Қазақ КСР Президентінің Орынбасары Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Президентінің Орынбасарына, ал егер бұл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысады. Бүл орайда Қазақ КСР-інің жаңа Президентін сайлау үш ай мерзім ішінде өткізілуге тиіс. Қазақ КСР-інің бірінші Президенті мен оның Орынбасарын Жоғарғы Кеңесі алты жыл мерзімге сайлайтындығы белгіленді.
1990 жылы 20 қарашада қабылданған "Қазақ КСР-нда мемлекеттік билік пен басқару қүрылымдарын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР жоғары атқарушы және өкімші билік басшысы болып табылатындығы; Қазақ КСР Президентінің үсынысымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Қазақ КСР Вице-президенті лауазымы құрылды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қазақ КСР Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Президиумы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары лауазымдары таратылды. Заң Қазақ КСР Премьер-министрі мен Қазақ КСР мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстың негізгі бағыттары жөніндегі мемлекеттік кеңесшілер қызметтері құрылды.
Қазақ КСР Министрлер Кабинетін Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Премьер-министрі, министрлері, Қазақ КСР мемлекеттік комитеттер төрағалары құрамында құрылды. Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қүрамынаҚазақ КСР мемлекеттік кеңесшілерін, Қазақ КСР-дің басқа да органдары мен үйымдарының басшыларын енгізуге құқықты болды. Қазақ КСР Премьер-министрі мен Министрлер Кабинетінің құрамын Қазақ КСР Президентінің үсынысы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекітті. Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Аппараттары Қазақ КСР Президентінің Аппараты болып біріктірілді. Қазақ КСР Президент Кеңесі таратылды. Қазақ КСР Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган — Республика Кеңесі құрылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайында- ған өзге де түлғалар лауазымдары бойынша кіреді. Қазақ КСР-да халықтық бақылау органдары таратылды. Қазақ КСР мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылымындағы атадған өзгертулердің қабылдануына байланысты сәйкес өзгертулер мен толықтырулар Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) енгізілді.
Қазақ КСР, оның жоғары атқарушы және өкімдік билігінің басшысы Қазақ КСР Президенті болып табылды. Республика Президентінің өкілеттігі төмендегіше толықтырылды: Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қызметіне басшылық етеді; Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің Премьер-министрін тағайындайды және оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне КСРО Бас прокурорымен келісілген Қазақ КСР\Бас прокурорының кандидатурасы мен Қазақ КСР Бас прокуроры орынбасарларының кандидатураларын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне кандидатуралар үсынады, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасынан басқа аталған лауазымдарды міндетінен босату туралы үсыныс енгізеді; облыстық және Алматы қалалық Халық депутаттары кеңестерінің төрағаларын олар өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамаған немесе әдепсіз қылықтар жасаған жағдайларда мерзімінен бүрын қызметтерінен босатады; Жоғарғы Кеңес алдына Қазақ КСР Министрлер Кабинетін отставкаға жіберу немесе отставкасын қабылдау туралы мәселе қояды, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің мүшелерін қызметінен босатады және тағайындайды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге үсынады; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын құрады және таратады.
Басшылары Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің құрамына кіретін Қазақ КСР мемлекеттік басқару органдарын құру мен тарату туралы шешімдер Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне үсынылады; Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қаулылары, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті Премьер-министрінің өкімдері, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар актілері Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген жағдайда олардың күшін жояды немесе тоқтатады; қүқықтық саясатты айқындайды және қүқық қорғау қызметіне басшылық етеді. Қазақ КСР Президенті жанында консультативті-кеңестік орган — Республика Кеңесі қызмет етті, міндеті Қазақ КСР-інің ішкі және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру бойынша кепілдемелер дайындау болып табылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайындаған өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кірді. Қазақ КСР Вице-президенті Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асырута мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Вице-президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысатын болды.
1990 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің қүзіретіне қосымша өкілетгіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумағында орналасқан одақтық бағынышыстағы ұйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі, Қазақ КСР Конституциясының 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13-тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтерінен мезгілінен бүрын босату; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын қүру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице-президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі.
1991 жылы 16 қазанда "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, казақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.
1991 жылы 10 желтоқсанда "Қазақ Кеңестік Социалистік Республи- касының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.
4) Иллюстрациялы материалдар: презентация, карта
5) Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы.Очерк.,Алматы.,1993
2.Күзембайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы. Алматы., 1998
3.К.Рысбаев Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2002 ж.
4.Ч.Мусин Қазақстан тарихы А., 2003 ж.
5.Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 2007 ж.
6.Назарбаев Н.А. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде даму стратегиясы. А., 1992 ж.
7.Назарбаев Н.А. Сындарлы он жыл. А., 2003 ж.
8.Назарбаев Н.А. Тарих қойнауында. А., 1999 ж.
9.Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы - Алматы : Атамұра, 2008
10.Кан Г. В. Қазақстан тарихы : оқулық - Алматы : "Алматыкiтап" ЖШС, 2007.
11.Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы - Алматы : Эверо, 2011.
6) Қорытынды сұрақтары:
1. «Әміршіл-әкімшілік жүйе» ұғымына анықтама беріңіз?
2.Желтоқсан оқиғасының себептерін атаңыз?
3. «Семей-Неведа» қозғалысы қандай мақсаттар алдына қойды ?
4. Қазақ интеллигенциясының өкілдерін ақтау қай жылдары басталды?
5. КСРО құлауына қандай оқиғалар себеп болды?
1. Тақырып №14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс және сыртқы саясат.
2) Мақсаты: республиканың сыртқы саясатының және тәуелсіз ұйымдардың құрылуын, мемлекеттік құрылыс бағыттарын ашып көрсету.
3)Дәріс тезистері
Республика егемендігінің орнатуымен бірге Республика Президенттін бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі туындады. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991 жылғы 1 желтоқсанда сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. Президенттік қызметке Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды.
1989ж. маусымнан Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1991ж. 10 желтоқсанда Республика сарайында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант берді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі. Ол 1991 жылдың қазанына дейін көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялаудына септігін тигізді.
Республикада өзгерістер болды. Прокуротура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот, органдары қайта құрылды. Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы болып аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының өз территориясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында деп,демократиялық мемлекеттің мемлекеттік тәуелсіздігін жарияланды. Республика тарихында жаңа кезең басталды.
Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды кезеңі басталуы.
Саяси салада күшті президенттік республика құруға, кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды. Жаңа конституцияның жобасы талқыланды. Жергілікті қалаларда, аудандарда атқарушы өкімет билігіне реформа жасалды.
Көппартиялық жүйе қалыптастырудың бастамасы жасалды. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақ кеңесінің (ОБСЕ) толық құқылы мүшесі болып, адам және ұлттық құқықтарының сақталуына кепілдік берді. 1992 жылдың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жер шарының 30-дан астам елі таныды: АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада т.б.
1991 жылдың соңында егемендігін жарияланған Қазақстан өз мемлекеттігін құрудың жолына түсті. Қысқа мерзімде сыртқы саясаттағы басымдықтар анықталды. Басқа-мемлекеттермен өзара тиімді достық қарым-қатынас. Олардың ішкі істеріне қол сұқпау, тең құқылық, даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу-республика сыртқы саясатының басты принциптері болып отыр.
1992ж. қаңтарда ішкі істер әскері құрылды. Әскер қатарына шақырылғандар өз республикасында қызмет өтеуге мүмкіндік алды.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезең күттірмейтін міндет ретінде, мемлекеттік нышандарын қабылдауды талап етті. 1992ж. 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.
Сонымен, 1991 жылдың қазан айының 25-нен бастап Қазақстан Республикасы егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасты.
Екі жыл ішінде республикамызды жүзден астам шет мемлекет мойындап, 150 ел дипломатиялық қарым-қатынас жасауға кірісті, Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі ғимараты алдында Қазақстан Республикасының туы жілбереді.
Қазақстан РКФСР құрамында 1920 ж. 26 тамызда Автономиялық Республика болып құрылғанымен, өз туы, елтаңбасы, әнұраны болмады.
1936ж. 5 желтоқсанда Одақтас республикаға айналды. Рәміз дегеніміз- белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші, сессиясында парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерінен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі қүқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгiлендi. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі басталды. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен байланыс жасау Кеңестердің карауына берілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдiң ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер - оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердiң қатарына қосылу, елдiң қауiпсiздiгiн қорғау, әлемде бейбiтшiлiктi сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерiк-жiгерi тек осындай аса маңызды мiндеттердi iске асыруға бағытталды.
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны - дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Егеменді Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Олар бәйгеге түскен Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 суреттемесін жеңіп шыққан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті.
1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында Президент Н. Ә. Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: "Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін"- деген еді. Еліміздің туы - қасиетті көк байрақ. Оның авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.
1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн - уақыт, замана бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалыктаған қыран ҚР-ның еркіндік сүйгіш аскақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Тәуелсіз мемлекетіміздің Әнұраны - асыл қазына. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары ресми сапарының беташары болатыны да содан. Қазақстанның Әнұраны әуенінің авторлары ұлы композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди.
Әнұран сөздерін жазған ақындармыз - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева.
Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Халық арасында ыстық ықыласқа, сүйіспеншілікке бөленген Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні ХХ ғасырдың ортасында, Хрущевтің әкімшілік реформалары кезінде шыққан. Бұл ән Қазақстан тұтас ел және жерінің бір шөкімін де өзгеге бермейді деген өжет дауылпаз ұран. «Менің Қазақстаным» әнінің рухы жаңа заманда Жаңа Қазақстанды орнатып жатқан халқымыздың рухани талап-тілегіне толық сай келеді.
Ел рәміздерін қабылдау - аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: |