Сөз жиынтығы туралы жалпы мағлұмат алу;
Дүние жүзіндегі ең бай тілдің бірі-қазақ тілі туралы әңгімелеу;
сөйлеу үлгілерін игеруі.
Дәрісханада
Мынау- бірінші дәрісхана. Ол бірінші қабатта. Екінші дәрісхана таза, жақсы,
бірақ жарық емес. Мына дәрісхана, жарық, керемет. Дәрісханада он парта, бір орындық
және тақта бар. Тақтада бор жатыр. Дәрісханада екі терезе, бір есік бар. Терезелерде
әдемі перде ілініп тұр. Дәрісханада карталар, суреттер, плакаттар бар. Парталарда
кітаптар, оқулықтар, дәптерлер, қаламдар, қарындаштар жатыр.
Бірінші дәрісханада студенттер отыр, екінші дәрісханада студенттер жоқ.. Анау-
Ләззат. Ол- студент, жақсы студент. Ләззат бірінші қатарда отыр.
-
Ләззат дәрісханада кім бар?
-
Дәрісханада студенттер бар. Олар сабақта отыр. Мына дәрісханада жиырма
студент бар: он бала және он қыз. Олар тәртіпті. Нашар студент жоқ.
-
Басқа кім бар?
-
Дәрісханада оқытушы да бар. Ол орындықта отыр. Оқытушы егде, жақсы адам.
-
Екінші дәрісханада студенттер жоқ қой, Ләззат? Олар қайда?
-
Оларда сабақ жоқ. Олар қазір жатақханада.
Достарыңызбен бөлісу: