Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет127/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.
Бағалау критерийлері (2), Doctors, Бас жиын, 1.1-үлестірме материал Тренер міндеті, Математика 5-11 сынып. КТЖ 2022-2023ж.ж., Pisa Есептер жинағы
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы Павлодар облысының Баянауыл ауданының 4 ауылында
1899 жылы туған. 
Қ.И. Сәтбаев- аса көрнекті қазақ геологі, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Ғылым 
академиясын ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті (1946), КСРО Ғылым 
академиясының академигі (1946), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1946).
Қ.И.Сәтбаев Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін геологиялық 
барлау мамандығы бойынша бітірген (1926).
Қызметін Атбасар, Қарсақбай трестерінде геологиялық бөлімнің жетекшісі және бас 
геологі (1926-1941) болып бастаған, 1941-1964 жылдар КСРО ҒА Қазақ филиалы 
Геологиялық ғылымдар институтының директоры, 1946-1952, 1955-1964 жылдары Қазақ 
ССР Ғылым академиясының президенті қызметін атқарған.
Ғылыми еңбектерінің көпшілігі рудалық кендер геологиясын және Қазақстанның 
минералдық ресурстарын зерттеуге арналған. Пайдалы қазыналардың карталарын 
құрастырудың принциптерін толық айқындауда Сәтбаевтың еңбегі өте зор. Сәтбаев 
қалдырған ғылыми мұралардың ішінде Жезқазған кені туралы еңбектерінің мәні ерекше. 
Дүниежүзіндегі аса ірі мыс кендерінің бірі саналатын Жезқазғанда салынған мыс балқыту 
комбинаты қазір ірі кәсіпорындарының біріне айналып, қазір де зор байлық беріп жатыр.


Жезқазған -Ұлытау ауданында Сәтбаев мыстан басқа темір (Қарсақбай), марганец 
(Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты) қорғасын кендерін ашып барлады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Сәтбаев танк бронын құюға аса қажет марганец кенін 
Жездіде ашты. Ол Орал қара металлургиясын марганецпен қамтамасыз етті. Бұл - Отан 
соғысы жеңісіне Сәтбаевтың қосқан үлесі.
Сәтбаев Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай мен Алтайдың темір 
және марганец, Кенді Алтайдың көптеген кендерін, Қаратаудың фосфорит кендерінің т.б. 
көптеген ірі объектілерді игеруге тікелей араласып, ерекше еңбек сіңірді. Суға тапшы 
Сарыарқаның ірі өндіріс орталықтарын сумен қамтамасыз ету мәселесіне, руда байыту 
мен металлургиялық процестерді ғылымның ең соңғы жетістіктеріне сәйкес жетілдіруге 
бағытталған зерттеу жұмыстарын қолдап, оларды кеңінен өрістетуге көп еңбек жұмсады.
Қазіргі елімізге әйгілі, мол байлық беріп жатқан кен орындарының бәрі дерлік- 
Сәтбаев және оның шәкірттері ашқан байлықтар.
Сәтбаев есімімен Ұлттық техникалық университет аталды. Университет алдында 
Сәтбаев ескерткіші қойылған. Алматыда Сәтбаев көшесі бар. Сәтбаев есімін халық мәңгі 
ұмытпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет