Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет133/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Айман-Әлем әртісі
Айман көп балалы Мұсаходжаевтар отбасында дүниеге келген.Айманның әкесі: 
«Осы қызымды өмірге келгелі төбем көкке, қолым айға жеткендей көтеріңкі көңілде 
жүрмін, қызымның аты айдай сұлу-Айман болсын», -деп, өз шешімін айтты.
Айман деген есім жиналғандар көңілінен шықты, бірақ жылдар өткенде, осы Айман 
атты нәресте аты әлемге әйгілі скрипкашы болатынын, оған жер жүзіндегі ең зәулім 
театрларда ду қол шапалақтап қошемет көрсетілетінен, талантына хандар мен 
ханшайымдар бас иетініне ешкім көріпкелдік білдірмеген.
Ал Айман- 5 дүркін халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Жастар 
Одағының лауреаты, Қазақстан халық әртісі, көптеген жоғары оқу орындарының 
профессоры, Өзбекстанға еңбегі сіңірген әртіс, Халықаралық шығармашылық 
академиясының академигі, әлем әртісі.
Айман мектепте оқып жүрген кезінен бастап, концерттерге қатысып, кәсіби 
мамандыққа төселе берді. Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық арнайы 
музыкалық орта мектепті ойдағыдай бітірді. Жыл сайын өткізілетін Күләш Бәйсейітова 
атындағы конкурста Айман тек бірінші орынды жеңіп алып, көзге түскен.
1976 жылы училищенің педагогикалық ұжымы Айманды күзде Мәскеуде өтетін 
Бүкілодақтық іріктеу сайысына қатысуға ұсынды. Іріктеу сайысының қорытындысында 
әділқазы алқасы бірауыздан Советтер Одағының халықаралық сайыста намысын тек 
Қазақстандық Айман ған қорғай алады деп шешті, Югославиядағы сайысқа Айман 
жолдама алды.
Белградта 20-27 қазанда 1976 жылы жас скрипкашылардың халықаралық сайысы 
өтеді. Жас ерекшеліктері 30-ға дейін. Оған 26 скрипкашы әр елден қатысты. Белград 


сайысында Айман үлесіне тигені жүлделі төртінші орын үшін берілген диплом, 
орындаушылық таланты үшін тағайындалған югослав музы-
канты Бранко Паевич атындағы сыйлық пен диплом, көрермендер белгілеген «Алтын 
арфа» жүлдесі болды.
Белград сайысынан кейін Айманды музыка әлемі жақсы тани бастады және музыка 
әлемінде «Жаңа жұлдыз пайда болды» деген мақалалар жарық көре бастады.
Мұнан кейін 1981 жылы Генуядағы, 1982 жылы Финляндиядағы, 1983 жылы 
Токиодағы, т.б. бүкіләлемдік конкурстарда Айман үнемі жүлдегерлер тобында орын алып 
келді. Айманның үлкен жетістіктерін халқымыз мақтаныш етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет