Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара бір-
бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі түрлі
жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы
2. жалғаулық шылаулар арқылы
-
Ыңғайлас мәнді
да,де,та,те,әрі,және,мен
жалғаулық шылаулар арқылы
-
Қарсылық мәнді
бірақ,алайда,дегенмен, сонда да,әйтсе де, сөйткенмен
-
Себеп-салдар мәнді
өйткені,себебі,сол себепті,сондықтан
-
Талғау мәнді
не,немесе,я,яки
-
Кезектес мәнді
кейде,бірде,біресе
Мысалы:
Қазір тұрыңдар деген белгі берілді де, дос-жарандарым түгел түрегелді.
Адам даусы екені анық, бірақ не айтып жатқанын айыру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |