Бақылау сұрақтары: Сөз жуан болса қосымша қандай жалғанды?
Сөз жіңішке болса қосымша жіңішке жалғанады?
Аралас буынды сөздерге қосымша жалғанады?
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңыз?
Глоссарий Үндестік заңы - түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз аралығындағы көрші
дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, ыңғайласып, үйлесіп қолдануы
ООӨЖ: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысал келтіру. ОӨЖ: Менің бөлмем әңгіме құрастыру Әдебиеттер :
[3] 19 бет
[5] 32 бет
Тақырыбы: Дыбыс үндестігі. Білім беру жүйесі Сабақтың мазмұны мен мақсаты:
Қазақ тіліндегі үндестік заңы туралы мағлұмат беру;
еліміздегі білім беру жүйесі туралы баяндай алуы;
сөйлеу үлгілерін игеруі.
Білім беру жүйесі Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына сәйкес
жасалады.
Бұл жүйе: отбасылық тәрбие, мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру,
кәсіптік-техникалық , орта арнаулы, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, қосымша білім
беру сатыларынан құрылады. Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске
асырылады. Қазіргі таңда республика мектептерінде жыл сайын үш миллионнан астам
бала оқиды. Оларды оқытуға 240-250 мың мұғалімдер қызмет етеді. Кәсіптік –
техникалық училищелер саны 440-қа жетті, 244 арнаулы оқу орындары бар. Көптеген
мемлекеттік жоғары оқу орындары бар. Соңғы деректерге қарағанда 47 мемлекеттік
және 117 мемлекеттік емес жоғары оқу орындары бар.
Сөздік. Тәрбие - воспитание
Мектепке дейінгі - дошкольное
Кәсіптік-техникалық - профессионально-технический
Сала- сфера,разделы,отрасли
Мәтінмен жұмыс 1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
4. Мәтінді қысқаша мазмұндау