Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170



Pdf көрінісі
бет75/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.

Бақылау сұрақтары:
1. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?
2. Рәміз деген не?
3. Тудың түсі қандай?
4. Елтаңбада не бейнеленген?
5. Әнұран қашан қабылданды?
ООӨЖ:Жай септеу. Мысал келтіру.Әнұран жаттау. [5] 140 бет.
ОӨЖ: Тәуелді септеу.ҚР-ң туы [5] мазмұндау.
Әдебиеттер
:[5] 140 бет
Тақырыбы: Жіктік жалғау. Астана – бас қалам
Сабақтың мазмұны мен мақсаты:

Астана қаласы туралы мәліметі болуы

Елорда туралы сөйлеу үлгілерін игеруі

Әдеп ережелерін игеруі
Астана қаласы
Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920 - 1925), одан кейін 
Қызылорда (1925 - 1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.
1997 жылы қазанның 20 –сында Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан 
Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 
мамырдың 6 – сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы 
Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10 – ында тәуелсіз 
Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, енді Астана 
қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып 
өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы 
демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент 
ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, 
Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлері мен ғимараттар бой 
көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері 
орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның XXI ғасырдағы бақытты 
болашағын білдіріп тұр.
Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. 
Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана 
тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген конақтарды таң қалдырады.
Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономиялық, мәдени орталығы, 
бас қала.
Сөздік
жариялау – объявлять
жарлық – указ
елбасы – президент
қол қою – подписывать
салтанатты – праздничный
ашылу рәсімі – церемония открытия
көрікті – красивый


айналу – превращаться
батпақ – грязь
қалын өсетін – густно растущий
қамыс – камыш
бой көтеру – подняться ввысь
ескерткіш – памятник
атылған – взметнувшийся


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет