Курсы: 3 Семестр: 5,6



бет4/10
Дата21.07.2017
өлшемі0,78 Mb.
#21466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


№3- сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4.Сабақтың мақсаты: Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен,аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылдмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Бірақ,науқас медициналық мәліметтерге көбінесе толығымен сенбейді. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.
2.Көбекова Ж.С. Психология негіздері.
3. Илешова Р. Медициналық психология.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Сауалдама тәсілінің негізгі мінездемелері.
2.Интервью түрлері.
3.Науқасқа сауалдаманы қалай дұрыс жүргізу керек.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Соматикалық ауруға науқастың әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалаумен сипатталады. Осыған орай,дерттің «объективті» және «субъективті» ауырлығы жөнінде сөз қозғауға болады. Тәжірибелік тұрғыда аурудың ауырлығын нақты түрде анықтауға болмайды. Бірақ,медицинаның дамуына байланысты әлеуметтік – мәдениеттік ерекшеліктерін есепке ала отырып , кейбір аурулар басқалардан ауыр болатыны сөзсіз (өлім,мүгедектік,еңбекке қабілеттігінің төмендеуі). Ең алдымен, науқас өз сырқатын субъективті бағалауды маңызды роль атқарады. Науқастың өз ауруына субъективті қатынасы «аурудың ішкі бейнесі» немесе дерттің ішкі бейнесі деп аталады. Науқаста өз дертінің ішкі көрінісі ауырлық және жағымсыз сезімнің пайда болу механизміне , оның болашақтағы дамуына, дерті туралы уайымдануына қарай және эмоцияльдық әсері нәтижесінде қалыптасады. Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен,аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылдмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Бірақ,науқас медициналық мәліметтерге көбінесе толығымен сенбейді. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді:

1.ЖЕКЕШЕ – КОНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ФАКТОРЛАРҒА КЕЛЕСІЛЕР ЖАТАДЫ:

-жынысы

-жасы


-мамандығы

2.ИНДИВИДУАЛЬДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР:

-темперамент қасиеттері

-мінезінің ерекшеліктері

ЖЫНЫСЫ:Науқастың сыртқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуына әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін ,дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді.Медицинада психологиялық қарым-қатынастың сүйек сынықтарында,яғни дене қозғалысы шектеуіне әсері бұрыннан белгілі. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда эмоциональдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе, бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар,травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады. Физикалық қозғалмау – адам денесінің бөліктерінің субъективті қасиеттерін өзгертеді. Адамның өзін-өзі бағалауы психологиялық тұрғыда дене бөліктерінің дәстүрлі және отбасылық қасиеттері уақытша өзгереді.

ЖАС ШАМАСЫ. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. Әрбір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтпуға болады.Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет-әлпетінің өзгертетін дерттеріне шыдауы ,оны көтеруі , оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі,жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады. Сондықтан медициналық тұрғыда өмірге қауіп төндірмейтін , бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады. Жастардың дерттерге көзқарасы бойынша оның бет-әлпетіне ,сымбатына пайда болған тыртықтар т.б жатады .Ешбір басқа жаста жасөспірімдердегі бетіне сыздауық шыққандағыдай психологиялық реакция анықталмайды. Жас адамның бет-әлпетіне кері әсерін тигізетін дерттердің пайда болуында туындайтын психиопатологиялық синдром – дисфомания , тек осы жаста ғана байқалады . Дисфоманиялық синдром дамығанда әсіресе,қыз балаларда өзін көріксіз есептеу жайында жалған сезім туындайды. Бұл жасөспірімнің дене бітімінің өзгерістері нәтижесінде дамиды.Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға , ауыр психологиялық жауап қайтарады. Егде жастағы науқастарға онкологиялық,созылмалы соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды.Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт,инсульт,онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілетінің төмендететінін емес,өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.

МАМАНДЫҒЫ.Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын , оның болашақ өміріне ,еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы,спортшылар немесе спорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохандроз секілді дерттер ауыр тиеді.

ТЕМПЕРАМЕНТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Темперамент – индивидтің психикалық жүйесінің ,психикалық үдерістер мен жағдайының ырғағы,қарқыны,ритімінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы колерик пен меланхоликке ,сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен екені анықталған.

МІНЕЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне,соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік,шыдамдылық,жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.Отбасында баланың денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда ғосы пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді. Отбасылық дәстүр ауруларды ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді.Мысалы, егер отбасында бір дерттің әсерінен дүниеден өткен адам болса,сол ауру ең ауыр дерт деп саналады.

Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:

-қолайсыз жағдай

-науқастың өз денсаулығын өзі бағалауы,ауруын қабылдап өз ролін атқаруы

-ауруға реакцияцы

-ауру себептерін білуі

-әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі реакция беруі

Аурудың ішкі бейнесі дерттің барысына байланыссыз болады. Мысалы фантомдық мүшесі алынып тасталғаннан кейін ауруы немесе аурудың сыртқы көріністері болиаған кезде де пайда болуы мүмкін. Ол басқа адамның қатынасуын , оны ауру ретінде қабылдауын талап етеді Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары,көріністері – АУРУДЫҢ ІШКІ БЕЙНЕСІ деп аталады. АУРУДЫҢ ІШКІ БЕЙНЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ: 1 деңгей – сенситивті-ауырсыну сезімдерінің жинақтамасы. Ағза жұмысының бұзылуы салдарынан адамда әдеттегіден тыс белгісіз бір сезіну пайда болады. Бұл сезінулер соматикалық аурулардың жаршысы ретінде білініп, дискомфорт жағдайын тудырады. Сондықтан , адамның психофизиологиялық тонусының өзгеруі соматикалық аурудың алғашқы белгісі болуы мүмкін. Бұнда жалпы субъективтік сезінулермен қатар ,жергілікті дискомфорт та дамуы мүмкін. Мысалы, жүрек, асқазан және бүйрек тұсында .Дерттің әрі қарай дамуына байланысты дискомфорт жағдайы ауырсыну сезіміне ауысады. Қазіргі көзқарасқа байланысты ауырсыну сезімі- бұл өте күшті тітіркенгіштер әсерінен органикалық және функционалдық өзгерістер дамуы салдарынан пайда болган адамның ерекше психофизиологиялық жағдайы. Ауырсыну сезімі әр түрлі жекеше реакцияларды дамытады. Ауырсыну сезімін адам тек қана дерт белгісі ретінде қабылдамай , ол оның өміріне туып тұрған қауіп , оған байланысты иүгедектікке , кәсібінің және әлеуметтік жағдайының өзгеруіне материалдық статусын жоғалтуына себепкер деп біледі. 2 деңгей – эмоционалды – аурудың симтомдарына, аурудың өзіне және салдарына науқастың реакциясы және жауабы. Ауру сезіміне байланысты дамыған қорқу эмоциясы салдарынан, бір топ эмоционалдық реакциялар пайда болады: үміттену сезімі, қайғырып уайымдауы, үміт үзуі, күдер үзуі, күйзелуі т.б . Бұл эмоционалдық феномендер, аурудың ішкі бейнесінің эмоционалдық феномендер,аурудың ішкі бейнесінің эмоционалдық компонентін құрастырады.3 деңгей – интеллектуалды – науқастың өзінің ауруы туралы елестеулері, білімдері,оның пайда болу және салдары туралы ойлары. Эмоциональды уайымдауы адамды ізденіске ұмтылдырады, ол өз жағдайын түсіну үшін ақпарат іздей бастайды: дәрігерлерден ,медицина қызметкерлерінен,туысқандарынан, достарынан т.б. осыған байланысты ауру адам сырқаты туралы өз көрінісін құрастырады. Алайда,ол көбінесе объективті шындықтан алыс болады. Өзі құрастырған ауруы туралы көрініс нәтижесінде науқас аурудан шығу жолдарын іздестіреді:дәрігерге қатынасады,емшілерге барады немесе өзін-өзі емдеуге кіріседі.4 деңгей – мотивациялық- өзінің ауруына науқастың қарым-қатынасы және ауру кезіндегі тәртібінің өмір сүру салтының өзгеруі.


9.Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
10.Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:
1.Науқастың психологиясына сипаттама
2. Дерттің ішкі бейнесі деген ұғымға түсініктеме.
3. Дерттің ішкі бейнесінің құрылымы.
4. Дерттің ішкі бейнесінің деңгейлері:сенситивті, эмоционалды,интеллектуалды.
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар мен презентациялар дайындау.
11.Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)




Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет