Арнайы эпидемияға қарсы отрядтар (АЭҚО)арнайы эпидемияға қарсы ұжымдардың (обаға қарсы институттар, санитарлық – эпидемиологиялық станция) негізінде құрылады және олар аса қауіпті инфекция ошақтарында жұмыс істеуге арналған.
Санитарлық-эпидемиологиялық отрядтар – санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда, эпидемиология, микробиология институттары базасында құрылады. Санитарлық-эпидемиологиялық отряд – эпидемияға, бактериологиялық күшке қарсы жұмыс жасап, халықты зақымдалған ошақтардан сақтауды ұйымдастырады. Бұл бөлім құрамына: санитарлық-эпидемиялық, лабораториялық, дезинфекциялық бөлімшелер кіреді. Лабораториялық бөлімшенің құрамына: санитарлық-химиялық, бактериологиялық, радиологиялық лабораториялар кіреді.
Табельдік мүлік, автолабораториялар, дезинфекция-себізгілік құрылым, дозиметриялық құрал-жабдықтар, жеке қорғану заттары медициналық қамтамасыз ету базасының қоймаларында сақталады, олар тек рұқсатпен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |