Курсы: семестрі: Құрастырған: Тағабаева Л. М. Шымкент 2013



бет51/69
Дата22.06.2022
өлшемі261,23 Kb.
#146970
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
Байланысты:
МІН-практика-2курс-4-сем-каз

Қызбаның негізгі типтері:

  • түрақты кызба (ҒеЪгіз сопііпиа). Ұзак уакыт бойы жоғары дене кызуы болады, тәулік бойы - таңертеңгілік және кешкілік деңе кызуының айырмашылығы 1°С-тан аспайды.

  • әлсіздендіретін қызба (ГеЬгіз гетііепв)'- дене қызуы жоғары, тәуліктік ауытқуы - 1°С-тан жоғары, таңертен 37°С жоғары. Туберкулез, ірінді ауруларға, ошақты пневмонияға, іш сүзегінің III стадиясына тән.

  • интермиттерленген кызба (ГеЬгіз іпіегтіПепз) - қалыпты дене кызуы кезеңімен алмасатын дене қызуының қысқа уакытқа өте жоғары көтерілуі. Безгек ауруында байкалады.

  • Толқын тәрізді кызба (ІеЬгіз ипёиіаіз)- кезеңді түрде дене қьізуының көтерілуі , кейін қалыпты деңгейге түсуі. Мүндай «толқындар» ұзақ уакыт бойы біріккен соң бірі қайталанып тұрады.

  • қайта келетін кызба (ГеЬгіз гесигепз) жоғары дене кызуы кезеңінің қызбасыз кезеңмен қатаң түрде алмасуы.

  • қызбаның керісінше түрі (іеЬгіз іпуегза) - таңертеңгілік дене кызуы кешкілікке карағанда жоғары болады.

  • бұрыс кызба (іеЬгіз ігге§иіагІ5) - әртүрлі және дұрыс емес тәуліктік ауытқулармен ерекшеленеді. Бұл қызбаны атипикалық деп атайды.

  • Гектикалық кызба - дене қызуының тәуліктік бойы 2°С-тен 4°С-ке дейін түсуі. Мұндай жағдайда қатты әлсіздік және көп тер бөлінумен сипатталады. Туберкулездің ауыр түрінде, сепсис, лимфогранулематозда байқалады.

Қызба ағымында 3 кезең ажыратылады: дене кьізуының көтерілу кезеңі , жоғары дене қызуы кезеңі дене қызуынын төмендеу кезеңі. Жоғары дене қызуының кенеттен тез қалыпты жағдайда төмендеуі - лизис деп аталады.
Кейде қысқа уакытқа, яғни бірнеше сағатқа созылатын дене қызуының жоғарылауы байқалады. Жеңіл инфекцияда, күн өткенде, қан кұйғаннан кейін, көктамырға дәрі енгізгеннен кейін болады.
15 күнге созылған кызба жедел, 45 күннен ұзакқа созылған кызба созылмалы деп аталады. Өте жиі қызбаның себебі жұқпалы аурулар, некроз ошақтары болады. Қызба, әдетте ағзаның инфекцияға реакциясы болып табылады.
Кейде жұқпалы ауруларда қызба, дене қызуының көтерілуі байкалады. Дене қызуының көтерілу дәрежесі барлык кезде де аурудын ауырлығына сәйкес келмейді, ал ағзаның жеке әсер ету ерекшелігіне де байланысты.
Дене қызуынын көтерілуі жұқпалы ауруларда ғана емес, сонымен қатар катерлі ісіктерде, қан құйылуда, эритроциттердің тез ыдырауында байқалады.
Өте сирек қызба орталық жүйке жүйесінің ауруларында, рефлекторлы түрде кездеседі. Мұндай жағдайларда дене қызуының көтерілуі күндізгі уақытта жиі байқалады, сондықтан әр сағаттық термометрия қажет .
Гипотермия әртүрлі коллаптоидты жағдайларда, көп мөлшерде қан жоғалтқанда, ашығуда, жұқпалы аурулардан айығу кезінде кездеседі.
Қызбасы бар науқастардың күгімі
Қызба кезінде барлық зат алмасу түрлері бұзылады. Зәрмен бөлінетін азот мөлшері жоғарылайды, кейде - глюкозурия дамиды, май алмасу күшейіп, су - тұз балансы бүзылалы. Сонымен қатар тыныс алу да жиілейді.
Әрбір ауруда қызба ағымының сипатын және оның ағзаға деген маңызын бағалай білу керек. Медбике қызба ағымының 3 негізгі кезеңдерін білуі тиіс:
1-ші кезең - дене қьізуының көтерілу кезеңі - жылу түзілу жылу бөлінуден басым болған жағдайда қалтырау, еріндердің көгеруі, бас ауруы, көңіл-күйінің нашарлауы байқалады. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге деиін созылады. Дене қызуының тез көтерілуі нәтижесінде науқастарды қалтырау, денесінің ауруы мазалайды. Бұл кезеңде медбике науқасты жылы киіндіріп ,аяқ ұшына резеңке жылытқыш койып, тәтті шай немесе ыстық сұйыктық беру керек. Бөлмені бұл кезде желдетпеу кажет. Нәжісін, зәрін қадағалау керек.
2-ші кезең- максимальды дене кызуының көтерілу кезені. Бұл кезең науқас жағдайының нашарлауымен, бас аурумен, ыстықтау, ауыз куьісының құрғауымен, әлсіздікпен, денесінің сықырлауымен сипатталады. Қызбаның жоғары шегінде галлюцинация, есаландау болуы мүмкін.
Жоғары жылу бөлу және жоғары жылу түзілу салыстырмалы тепе-тендікте болады. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылады. Жылу реттелудің бұзылуымен қатар зат алмасу да бұзылады. Ағзада заттардьщ жануымен (жойылуы) қатар ағзаға кажетті қоректік заттардың келуі төмендейді. Бұл ағзаның өзінің тіндерінің, яғни, бауыр көмірсуларының, май тіндеріндегі майлардың жануына алып келеді. Белоктар ыдырай бастайды. Науқас салмақ жоғалтады. Бұл кезде науқастардың жүйке жүйесінің қозғыштығы күшейеді, сондыктан мұндай науқасқа жеке бекет қояды. Егер мүмкіншілік болса, туысқандарын науқасты күзетуге кояды. Бірақ, жұкпалы ауру болса, туысқандары науқас қасында бола алмайды.Бақылау кезінде науқас жағдайы нашарласа, кезекші дәрігерге хабарлау керек.
Бүл кезенде науқасқа жоғары калориялы,жеңіл сіңірілетін тамақты сұйық немесе жартылай сұйык күйінде, аз мөлшерде тәулігіне 5-6 рет беру керек. Көп мөлшерде сұйыктық (жеміс-жидек шырындарын, морс, минерал суын) беру қажет.Науқастарда аузының қүрғауы, еріндерінін жарылуы байкалады, сондыктан, ауыз куысын натрий гидрокарбонатының әлсіз ерітіндісімен сүртіп, еріндеріне кандай да болмасын май жағып кою керек. Қатты басы ауырғанда маңдайына мүзды мұйык немесе сірке ерітіндісіне (0,5 л суға 2 ас қасық сірке) малынған 4 қабатты салфеткамен суық компресс кою керек. Медбике палатаның жылы болуын кадағалау керек. Сонымен қатар пульс, қан кысымын бақылау кажет.
3-ші кезең - дене қызуының төмендеу кезеңі. Жылу түзілу төмендеп, жылу бөлу жоғарылайды. Дене қызуының кенеттен тез төмендеуі жүрек-қан тамыр жетіспеушілігіне алып келеді. Дене қызуының қалыптыдан төмен тез түсуі науқас жағдайының күрт нашарлауына алып келеді. Әлсіздік, шөлдеу, тоңу сезімі, калтырау мазалайды. Кейде жалпы әлсіздіктің жоғары айқындалуымен науқастарда шағымдану мүмкіншіліктері болмай калады.
Терісі бозарып, кейін көгеріп салкын термен жабылады, аяк-колдары мұздайды. Қан қысымы күрт төмендейді, пульсі жиілеп әлсізденеді (жіп тәрізді пульс) тыныс алуы жиілейді, көз карашығы кеңейіп, жедел тамыр жетіспеушілігі дамиды. Егер дене кызуының төмендеуі көп тер бөлінумен болса, пульс, тынысалу жиілемей есі калпына келіп, науқас ұйыктайды. Егер жағымсыз критикалык жағдай болса, бекеттегі медбике кезекші дәрігерге хабар беру керек. Дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігіне және науқастың өліміне алып келуі мүмкін. Кезекші дәрігер науқас жағдайын бағалап, шүғыл көмек көрсетеді. Медбике тері астына қан кысымын көтеретін: мезатон, кофеин, адреналин егеді. Науқасқа резеңке жылытқыш койып, қою жылы шай немесе кофе беріп, киімдерін ауыстырады.
Қызбасы ұзакка созылған науқастарда медбике терісінің тазалығын бақылайды. Жауырларды алдын-алу керек. Дене кызуын тіркейтін парақта дене кызуынан басқа, пульс, құан қысымы, тыныс алу, дене салмағы, ішкен және ағзадан бөлінген сұйықтық мөлшері, нәжісінің сипаты белгіленеді.
Ауыр қызбасы бар науқастар үлкен және кіші дөретке төсекте, астына қойылған суднаға отыру керек.Іш катпасында тазалау клизмасын жасайды. Айта кететін жай, жоғары клизма-іш жүргізетін дәрілерді егуге карағанда дене қызуын төмендетіп, науқас жағдайын жақсартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет