Пациенттің төсегін ауыстыру.
Жағдайы ауыр пациенттің төсегін екі әдіспен ауыстыруға болады:
Бірінші әдіс – пациентке төсекті арнауға рұқсат етілген жағдайда қолданылады.
Екінші әдіс – пациентке төсекте белсенді қозғалыстарға рұқсат етілмеген жағдайда қолданылады.
Бірінші әдістің іс – әрекет алгоритмі:
Таза ақ жайманы ұзын бойымен жатырсына дейін ораңыз.
Пациенттің басын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
Пациентті абайлап төсектің шетіне жылжытып, бір бүйіріне аударыңыз.
Кірлеген ақ жайманы пациентке қарай ұзыннан ораңыз.
Төсектің бір жағына таза ақ жайманы төсеңіз.
Абайлап пациентті жатқызып, келесі бүйіріне аударыңыз, енді ол таза ақ жайманың үстінде болуы тиіс.
Босаған жақтан кірлеген ақ жайманы алып тастаңыз, таза ақ жайманың шетін матрастың астына қайырыңыз.
Пациенттің арқасына жатқызып, басына таза тысты жастық салыңыз.
Пациентті көрпемен жабыңыз.
Екінші әдістің іс – әрекет алгоритмі:
Таза ақ жайманы түгелдей көлденең ораңыз.
Абайлап пациенттің денесінің жоғарғы жағын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
Шапшаң қимылмен кір ақ жайманың бас жағынан бел жағына дейін орап, босаған жерге таза ақ жайманы төсеңіз.
Таза ақ жаймаға таза жастық салыңыз да, оған пациентті жатқызыңыз.
Жамбасты, пациенттің аяғын көтеріп кір ақ жайманы жылжытып, одан босаған орнына таза ақ жайманы төсеуді жалғастырыңыз.
Пациенттің жамбасын және аяғын түсіріп, ақ жайманың шетін түзеп, матрастың астына қайырыңыз.
Пациентті көрпемен жабыңыз.
Пациенттің іш киімін ауыстыру.
Іс – әрекет алгоритмы:
Шешіндіруді орындау тәртібі:
Пациенттің бас жақ денесін көтеріңіз.
Абайлап кір көйлегін желкесіне дейін түріңіз.
Пациенттің екі қолын көтеріп, оратылған кір жейдені басынан шешіп алыңыз.
Жеңін шешіңіз.
Пациенттің қолы жарақатталған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан соң жарақатталған қолынан шешіңіз.
Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді:
Екі жеңін кигізіңіз, қолда жарақат болса – алдымен ауру қолға, содан кейін сац қолға кигізу керек.
Жейдені басынан кигізіп, денесіне түсіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |