Курсы: семестрі: Құрастырған: Тағабаева Л. М. Шымкент 2013



бет62/69
Дата22.06.2022
өлшемі261,23 Kb.
#146970
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
МІН-практика-2курс-4-сем-каз

Компресс (француз тілінде compresse) – емдік таңу. Компресс құрғақ және ылғалды болады. Құрғақ компрессті зақымдалған аймақты (ушиб, жара) суықтаудан және ластанудан қорғау үшін қолдадылады. Ылғалды компресс 3-ке бөлінеді:

  1. қыздырма

  2. ыстық

  3. салқын

Кыздырма компресс қою
Мақсаты:Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.
Көрсетілімі:Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.
Қарсы көрсетілімі:Қан құйылулар, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.
Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ерітінді, (бөлме температурасымен бірдей су (20-25ºС), 40% спирт немесе 6% сірке суы (жарты литр суға 1 кіші ас қасық сірке суы) клеенка немесе компресті қағаз, мақта, бинт, қайшы.

Этаптар

Ескертулер

Процедураға дайындау

1. Конфиденциальді және жақсы қарым-қатынасты орнату.




2. Тексеру барысын және мақсатын түсіндіру.

Компресс көбінесе түнге қарай қолданылыды.

3. Науқасқа компресс қояр алдында, тері беткейін көру.

Қыздыру компрессіне қарсы көрсетілімнің жоқ екендігіне көз жеткізу:терінің іріңді аурулары, гипертермия.

Процедураны орындау

1. Ерітіндіге батырылған 6-8 қабатты дәкелі салфетканы теріге қою.

Дәкелі салфетка зақымданған ошақтан 2см жоғары болу керек.

2.Компресті қағазды (клеенкені) ылғалды салфеткадан 1,5-2см жоғары етіп жабады.

Компрестің әр келесі қабаты 2см-ге үлкейтіліп отырады.

3. Мақта қабатын қою.

Мақта қабаттың қалыңдығы 1,5-2см.

4. Компресті бинтпен орау.

Компресті бинтпен денеге тығыз жабыстырып орау.

Процедураны аяқтау

1. 5-30 минуттан кейін науқастан нені сезініп жатқанын сұрау.

Науқас жылуды сезінеді, компресс жүріп-тұруына кедергі жасамайды.

2. Уақытты белгілеу.

Компресті 6-12 сағатқа дейін ұстау, спиртті компресті 4-6 сағатқа ұстауға болады.

3. Компрестің теріге тиген қабатына саусақты сұғу арқылы дұрыс қойылғанын тексеру.

Қыздырма компресті дұрыс қойғанда, салфетка ылғалды болуы керек.

4. Компресті алып, теріні кептіру.

6-8 қабатты салфетка, компресті алғаннан кейін де ылғалды болып тұруы керек.

5. Компресс қойылған жерді құрғақ әрі жылы матамен орау.

Бұл үшін мақта, дәке немесе жүн орамал қолданылады.

Ыстық компрессті бауыр, бүйрек және ішектің спастикалық коликасы кезінде қолданады және бұл ауырсыну сезімін басады. Қою әдісі: t-60-70ºC ыстық суға дәкелі салфетканы батырады, сығады және дененің белгілі бір аймағына қояды. Үстін клеенкемен және науқастың үстіне көрпе жабады. Бұл компресті әр 5-10 минут сайын ауыстырады.


Суық компресті мұрыннан қан кету кезінде, әр түрлі жергілікті қабыну процестері кезінде, ауырсыну және қан тамырларды тарылтады. Суық компресті және де лихорадка жағдайында және бірден айқын психикалық қозу кезінде де қолданады. Бұл әдісті орындау үшін дәкелі салфетканы мұздай суға батырады, сығады және дененің белгілі бір аймағына қояды. Компресті әр 2-3 минут сайын бір сағат бойы ауыстырады. Екі дәкелі салфетканы қолданған жөн, яғни біреуі суда малынып тұрса ал екіншісі дененің белгілі бір аймағына қойылады. Науқастың жағдайына байланысты бұл процедураны бір саат ішінде қолданады.

Қыздыру компрессін қою әдісі: а-қажетті заттар, б- бинтпен байлау әдісі, в- қойылған қыздырма компрессінің жалпы көрінісі.


Гирудотерапия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет