Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Метаморфозды дамиды. Алғашқы дернәсіл – екі жақты симметриялы офидиплеврула



бет109/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   214
9. Метаморфозды дамиды. Алғашқы дернәсіл – екі жақты симметриялы офидиплеврула. Кейін әртүрлі: теңіз жұлдызында-бипиннария, офиурларда-оплутеус, теңіз кірпісінде- эхиноплутеус, голотурияда-аурикулярия.

Тікен терілілерге қоректенудің 4 типі тән: зоофаг, фитофаг, детритофаг және сестонофаг. Зоофагтар (жыртқыштар) - моллюскалармен т.б. баяу қозғалатын омыртқасыздармен қоректенетін теңіз жұлдыздары. Фитофагтарға балдырларды су асты тастарынан қырып қоректенетін теңіз кірпілері жатады. Детритофагтар (голотурия, офиурлар) су түбіндегі органикалық түйірлермен, ұсақ организмдермен қоректенеді. Сестонофагтар су түбіне шөккен ұсақ организмдермен, кейде плактонмен (сестон - өлексе қалдықтары) қоректенеді.Сестонмен теңіз лилиялары, кейбір офиурлар мен голотуриялар қоректенеді.


Жануарлар дүниесінде амбулакраль жүйесі - қозғалыс қызметін атқаратын құнды жүйе. Ол целом туындысы.
Псевдогемаль немесе жалған қанайналу жүйесі (целом туындысы) тікен терілілерде қан айналу жүйесінің нашар дамуына байланысты, тасымалдау қызметін атқарады.
Қан айналу жүйесі псевдогемаль жүйесі сияқты тасымалдау қызметін атқарады.
Тікен терілілер тері арқылы тыныс алады. Теңіз жұлдызы мен кірпіде денесінің абораль бетіндегі тері желбезектері және амбулакраль аяқтар да газ алмасуға қатысады.
Зәр шығару қызметін тидеман без өнімі-амебоцит клеткалары атқарады. Амебоциттер целомдағы экскреттерді қармалап,тері, тері желбезектері арқылы сыртқа шығады. Сұйық зәр өнімдері амбулакраль, псевдогемаль жүйелеріне өтеді.
Жүйке жүйесі радиалды құрылысты. Дененің ораль бетінде эктоневраль, тереңірек нашар дамыған гипоневраль, ал абораль бетінде периневраль жүйке жүйесі орналасады ( олар жүйке сақинасынан және басталатын жүйке өсінділері – сәулелерден тұрады). Сонымен олардың жүйке жүйесі 3 қатарлы, әрбіреуі жеке қызмет атқарады. Эктодермальды жүйе –қолдың, амбулакраль
аяқтарының қозғалысын, гипоневраль – ішкі мүшелер, ал периневраль – сезім мүшелерінің қызметін реттейді.
Тікен терілілердің терісінде сипап-сезу, химиялық сезім клеткалары шашыранды орналасқан. Жрық сезгіш клеткалар да болады, арнайы көру мүшесі-көз аздаған формаларға тән. Теңіз жұлдызында көз қолдарының ұшында , кірпілерде абораль бетінде анустың айналасында 5 көз тақтасында орналасқан.Терең су голотурияларында тепе-теңдік мүшесі – отоцисттер болады.
Тікен терілілердің көбі дара жынысты, бірақ жыныс диморфизмі нашар байқалады.
Ұрықтану процесі сыртқы ортада жүреді. Ұрпаққа қамқорлық байқалады.
Олар регенирацияға және аутомияға (қауіп төнгенде мүшесін үзіп кетеді) қабілетті.
Дамуы метаморфозды жүреді. Жұмыртқа радиальды бөлшектенеді. Мезодерма энтероцельді жолмен қалыптасады. Ішектің екі жағында орналасқан 3 жұп целом қаптары түзіледі. Вегетатив полюсіндегі бластопорадан – анус, ал анималь полюсінде эктодерма майысып ұдықтың энтодермальды ортаңғы ішегімен жалғасып алдыңғы ішек және ауыз қалыптасады. Сүйтіп алғашқы дернәсіл стадия – диплеврула пайда болады. Диплевруланың пішіні ұзынша-сопақ, арқа беті дөңес, бауыр беті –ойыс, билатеральды симметриялы. Бұл тікен терілілердің арғы тегі билатеральды-симметриялы, метамерлі целомды жануар болғанына дәлел.
Кейінгй дернәсіл стадиялары әртүрлі клстарда түрліше: теңіз кірпісінде –эхиноплутеус, офиурларда –офиуплутеус, жұлдызда – бипиннария, голотурияларда –аурикулярия, лилияларда –долиолярия. Барлығы да сәулелі симметриялы.
Метаморфоз кезінде құрылыс жоспары, симметрия типі, сыртқы пігіні, ішкі құрылысы өзгереді.
Эктодермадан эпителия, жүйке жүйесі, сезім мүшелері, алдыңғы және артқы ішек пайда болады. Дернәсіл мезенхимасынан терінің дәнекер қабаты, қаңқа және бұлшық ет, ал энтодермадан ортаңғы ішек және оның туындылары түзіледі.
Целом күрделі өзгеріске ұшырайды. Артқы целом қаптарынан ересек форманың целом қуысы пайда болады, ал екі алдыңғы оң жақ целом каптары редукцияға ұшырайды. Алдыңғы сол жақ целом қабы амбулакраль жүйесіне (гидропор ) айналады. Ортаңғы сол жақ қап иіліп алдыңғы ішекті қоршап, амбулакраль жүйесінің сақиналы каналын түзеді. Оның 5 қалта тәрізді өсіндісі кейін созылып амбулакраль аяқтарымен радиальды каналдарға айналады.
Тікен терілілердің эмбриогенезіне радиальды детерминирлі бөлшектену, энтероцельді мезодерма және екінші ретті ауыздың қалыптасуы тән. Эмбрионнан кейінгі дамуында билатеральды симметриялы диплеврула дернәсілі радиальды симметриялы дернәсілдер стадиясына ауысады.
Басқа жануарлар арасында тек тікентерілілердің онтогенезінде алғашқы фазада (бластула, гаструла) радиальды симметрия билатеральды симметрияға (диплеврула), кейін ересек формаларда қайтадан радиальды симметрияға ауысу жүреді.
Тікен терілілердің морфофункциональды ерекшеліктерінен прогрессивті белгілермен қатар қарапайым құрылысты (қан айналу, жүйке, жыныс жүйелері) көреміз. Арнайы тыныс алу, зәр шығару мүшелері болмайды. Сонымен қатар қуысты ас қорытумен қатар клетка іші ас қорыту және жыныссыз көбею байқалады.
Бұл типке ерекше мүшелер жүйесі: амбулакраль, псевдогемаль жүйесі, тері қаңқасы тән. Баяу қозғалып тіршілік етуге мамандану радиальды симметрияға, қорғаныс (қаңқа, улы бездер, аутотомия), амбулакраль аяқтарымен қозғалу, қоректеуге бейімділік, даму кезіндегі таралуға қабілетті стадияда көрінеді.
Тип екі тип тармағына, 5 класқа бөлінеді.
Тікен терілілердің дамуындағы – диплеврула дернәсіл стадиясында соңғы ауыздыларға тән ерекшкліктер: екі жақты симметрия, екінші ретті ауыз, мезодерманың энтероцельді қалыптасуы, екі қабатты тері, 3 жұп целом қаптары көрінеді. Бұл тікен терілелірдің арғы – тегі қарапайым соңғы ауызды жануарлар болғанына дәлел.
Қазіргі заманғы және өліп – біткен тікен терілілердің морфологиялық ерекшеліктері алғашқы формалардың баяу қозғалған билатеральды симметриялы, дене осі горизонтальды, тік ішекті, бөлек-бөлек тақталардан тұратын тері қаңқалы болғаны көрінеді.
Бекініп тіршілік еткен формалар су түбіне тұнған органикалық тұнбалармен қоректенуге маманданған (сестонофагтар), сондықтан ауыз бен анус дененің жоғарғы бетіне ауысқан. Бұл жағдайда ауыз маңындағы амбулакраль аяқтары қоректі жинау қызметін атқарған.
Қозғалғыш формалар су түбіндегі органикалық қалдықпен қоректенуге маманданған. Олардың ауыздары дененің астыңғы ( ораль), ал анус үстіңгі бетінде (абораль) орналасады. Амбулакраль аяқтары негізінен қозғалыс қызметін атқарады.
Қозғалғыш форма голотурия кембрийден белгілі. Олар тегінен дененің горизонтальді қалпын сақтаған.
Кейінгі эволюция барысында мамандану және радиальды симметрия дамып, ол барлық мүшелер жүйесіне тараған. Тікен терілілер эволюция нәтижесінде маманданған топтар: жыртқыштар, фитофагтар, детритофагтар пайда болды.
Экологиялық радиация тіршілік формалар мысалында көрінеді.
Тікен терілілер теңіз биоценозының 3 ярусын мекендейді: теңіз түбінің беті, грунт қабатында, сирек су қабатында кездеседі. Грунт бетінде қозғалып тіршілік ететін түрлер бірнеше тіршілік формасын түзеді: шар тәрізді фитофагтар, су тастарына жорғалап шығуға қабілетті (кірпілер, жұлдыздар), жұлдыз тәрізді зоофагтар, детритофагтар (жұлдыздардың көбі, офиурлар), жалпақ детритофагтар (бұрыс кірпілер), қап пішінді детритофагтар (голотурия, кейбір кірпілер). Қазғыш, құрт тәрізді голотурия, жүрек пішінді кірпілер. Бірлі-жарымды пелагикалы формалар: шатыр тәрізді және жылан тәрізді голотуриялар.
Қазып, көміліп тіршілікке көшу- радиальды симметрияны бұзды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет