Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет55/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   214
2 – сұрақ. Өте ертеден ежелгі адамдар өсімдіктермен бірге жануарларды да тамаққа пайдаланған. Аңшылықпен, балықпен айналысып, етін тамаққа, терісін киімге, сүйектерін құрал – сайман, әшекей бұйымдар жасауға пайдаланған. Қауіпті жанаурларды (улы жануарлар, паразиттер мен жыртқыштар) тани білген. Кейін неолитикалық революция кезінде жануарларды қолға үйрету ( ит, мысық, қой, шошқа, сиыр, ешкі т.б.), мәдени өсімдіктерді шығару жүрді (10-20 мың жыл бұрын). Бүгінде үй жануарларының бірнеше мың тұқымы белгілі.
Мал шаруашылығынан басқа зоологиялық биотехнология прогрессивті дамуда. Оның мақсаты: адамның шаруашылық іс-әрекеті мақсатында жабайы жануарларды қолдан өсіп-өндіру. Мыс.: балық және аң шаруашылығы, азық – түлік , биологиялық активті заттар, асыл тас – інжу меруеттер, перламутар т.б. алу мақсатында теңізомыртқасыздарын өндіру. Медицинада үшін құнды у және т.б. өнімдер беретін улы жыландарды өсіп - өндіру. Зиянкес насекомдармен күресте маңызды жыртқыш, паразит насекомдарды өсіріп - өндіру. Органикалық қалдықтарды ыдырататын құрттар мен кейбір насекомдарды, сәндік мақсатта жануарларды өсіру. Жануаралар қоршаған ортаны органикалық ластан тазалайды, органикалық қалдықтарды ыдыратуға қатысады және биогеоценоздағы қорек тізбігіне кіреді, яғни биогенді зат айналымда маңызы үлкен.
Қазіргі кезде жануарлар әлемінің табиғи ресурстарын тиымды пайдалану, қорғау және өсіп - өндіру проблемасы тұр. Соңғы кезде табиғатқа антропогенді қысым күшеюде ( мыс.:суару жүйесінің дамуы - өзен, көл және ішкі теңіз суларының азаюына әкелді). Су, топырақ, атмосфераның ластануы көптеген жануар мен өсімдік түрлерінің өліміне әкеледі. Сондықтан жануарлардың көптеген түрлері жойылумен қатар үлкен қайтымсыз экологиялық катастрофа болуы мүмкін.
Халықаралық табиғат қорғау одағының басқаруымен қорғауға
жататын сирек және жойылып кету қаупіндегі жануарлар туралы мәлімет
жинақталған Қызыл кітап ұйымдастырылды. Жануарлар әлемін қорғау туралы заңдар және укіметтің Қызыл кітапқа енген жануарлар түрін ұстауға тиым салынған өкімдері бар.
Жануарлар әлемін зерттеу, өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану, олардың табиғаттағы қорын сақтау зоологияның негізгі міндеті. Жануарлардың планетада таралуы олардың шығу тегімен, тралу тарихымен, географиялық аймаққа тәуелдугімен анықталады. Құрлықта 6 зоогеографиялық аймақ: 1) Голарктикалық, 2) Эфиопиялық, 3) Үнді-Малай, 4) Неотропикалық, 5) Австралия, 6) Антарктида. Мұхитта: 1) Арктика, 2)Атлантикалы бореаль, 3) Тынық мұхит бореалы, 4) Батыс атлантика, 5) Шығыс атлантика, 6) Үнді-Вестпацификалы, 7) Шығыс тынық мұхит, 8) Магелланов 9) Кергелен, 10) Антарктика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет