8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1. Омыртқасыз жануарлардың басқа типтерінен моллюскалардың сыртқы құрылысындағы айырмашылықты қандай белгілер көрсетеді?
2.Моллюскаларда бақалшақ қалай пайда болады, құрылысы және түрлері ?
3.Моллюскаларда мантий деген не және оның физиологиялық қызметі қандай?
4.Моллюскалардың асқорыту жүйесінің ерекшелігі қандай?
5.Моллюскалардың қанайналу жүйесінің буылтық құрттардан айырмашылығы қандай?
6.Филогенезде моллюскалардың жүйке жүйесінің шығу тегі қандай?
7.Шаянтәрізділердің суда тіршілік етуге морфофизиологиялық бейімділіктері қандай?
8.Шаянтәрізділердің антенналь және максилляр бездерінің шығу тегі қандай?
9. Шаянтәрізділердің эмбриональдіден кейінгі даму типтері. Онтогенез эволюциясындағы негізгі бағыттар.
10.Төменгі және жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділердің тіршілік цикліндегі дернәсіл кезеңдерін атаңдар?
11.Шаянтәрізділердің ұйымдасуында аннелидтерге және артропоидтарға тән белгілерді атаңдар.
12.Халық шаруашылығында және медицинада ескекаяқты шаяндардың маңызы қандай?
13.Сыртқы құрылысы бойынша өрмекшітәрізділерді басқа буынаяқтылардан қалай айыруға болады?
14. Өрмекшітәрізділердің тыныс алу мүшелері.
15. Кенені сыртқы түрі бойынша басқа өрмекшітәрізділерден қалай айыруға болады?
16. Насекомдардыњ сыртқы морфологиясының ерекшеліктері.
17.Насекомдардың құрлықта тіршілік етуге бейімділіктері.
18.Насекомдардың қоректену типтеріне мамандануы.
19.Насекомдардың тіршілік ортада : құрлықта, топырақта, өсімдік ярустарында, топырақ бетінде және суда тіршілік етуге бейімділіктері.
20.Насекомдардың ауыз аппараттары
21.Насекомдардың аяқтарының типтері, қанаттарының құрылысы.
22.Насекомдардың асқорыту, қан айналу, зәр шығару, тыныс алу жүйесінің ерекшлігі.
23.Насекомдармен буылтық құрттардың ұқсастығы және айырмашылығы.
24.Насекомдарда метаморфоздың шығу тегі және оның биологиялық маңызы.
25.Насеком дернәсілдерінің провизор мүшелері, олардың құрылысы, маңызы.
26.Толық метаморфозды дамитын насекомдар дернәсілдерінің белгілері.
27.Толық метаморфозды дамитын насеком отрядтары.
28.Геммиметаболия тобына жататын отрядтар
29. Дернәсілдер мен қуыршақтардың түрлері, құрылысы.
30. Тікентерілілердің баяу қозғалып тіршілік етуге бейімділіктері.
31.Тікентерілілердің онтогенезінде дене симметрия типтерінің ауысуы және бұл процестердің маңызы.
32. Соңғы ауызды жануарлардың белгілері.
33.Тікентерілілер терісінің қай қабатында қаңқа пайда болады.
34.Тікентерілілерде целломның пайда болу жолы.
35.Көбеюі және дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |