4-сұрақ Инфузориялар – жоғары ұйымдасқан, күрделі құрылысты қарапайымдылар. Оларға қозғалыс органелласы – кірпікше аппараты, ядро дуализмі (макро және микронуклеус), ерекше жыныс процесі – коньюгация және перистом тән. 7500 түрі белгілі, көбі еркін тіршілік ететін теңіз және тұщы су қарапайымдылары. Олардың ішінде сирек болса да симбионттар мен паразиттер кездеседі.
Инфузориялардың клеткасы дененің тұрақты пішінін қамтамасыз ететін пелликуламен жабылған. Оған белгілі құрылым тән. Пелликула ретпен орналасқан көптеген алты бұрышты тақталардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |