Курстық ЖҰмыс пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі,коллеграфия Тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру» Ғылыми жетекші: Умирбекова Б


Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру



бет3/13
Дата01.06.2020
өлшемі68,25 Kb.
#72007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ тілі Орынбай.А.

1.1 Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру

Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз процесс болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен де ұштасады. Ол, әдетте, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып екіге бөлінеді. Демек, тәрбие жұмысындағы олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүгізілетін бұл жұмыстардың мақсаты-сабақ үстінде жүзеге асатын жұмыстардың, білімнің шыңдалуы.

Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы  тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға  қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу үшін спорттық үйірмелер жұмыс жасайды.

Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау, денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда нәтижеге жету үшін мектептегі балалар және үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша балалардың достығы, әр түрлі творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі, творчество және әдемілік атмосферасымен танысады. Мектептегі балалардың негізгі әрекеті болып оқу табылғандықтан, дәл оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың жақсы жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне сай дамуға мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты бүгінгі мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау проблемасын тиімді шешуге мүмкіндік беретін формалар, әдістер және технологияларды табу мәселері тұр. Бұл орайда үйірме жұмысы баланың жас ерекшелігін ескеруі керек. Себебі, түрлі үйірмелердің тақырыптары бала санасына түсінікті болуы маңызды. Жас ерекшелігімен қоса психологиялық күйі де үлкен рөл атқарады. Адамды жас ерекшеліктеріне қарай дамыту педагогикалық жүйенің

5
көздеген мақсатының бірі. Бірақ көптеген зерттеушілер адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай дамуын кезеңдерге бөліп қарастырған. Осы орайда

«жасөспірімдік», «балалық», «бозбалалық» түсініктердің әр түрлі болатынын

ескерген жөн. Қазіргі педагогикада жас ерекшеліктеріне байланысты адам психологиясын зерттеу бір жастан он сегіз жасқа дейінгі аралықты қамтиды.жас ерекшелік адамның физикалық, танымдық, интеллектуалдық, уәждемелік, эмоционалдыққасиеттерінің комплекстерін құрайды. Бұл педагогтардың жіне өзге мамандардың тәрбие қызыметтерінен жұмыс барысында икемділікті, тәрбие мақсаттарын дұрыс қоя білуді талап етеді.

Баланың өмірге деген қозқарасы, дүниетанымы,әрекеті, психологиялық климаты жақсы ортада қалыптасуы керек. Н.К.Кпупская «Жақсы жағдайда өсіп жатқан дені сау балалардың ұйымдағы деген талпыныстарын, балалар ойынын бақылаған адам бұны жақсы біледі» деген. Бұл сөзден ұғатынымыз бала өзіне қолайлы, өзін еркін сезінетін ортада жұмыс істеп, уақытын өткізуі керек. Кез келген ұйымға жиналған оқушылар өздерінің не себепті біріктіріліп жатқанын білуі керек. Осында жасөспірімдердің өздері қатысып, араласуы, белсенділік танытуы маңызды. Мұғалімдер мен тәрбиешілер оқушылардың бастамаларын дамытулары керек. Бір ғана ескерту, жасап отырған жұмыстары мен бастамалары мектепке, қалаға, өздеріне де пайдасын тигізуі қажет. Жалпы ұйым – белгілі бір мақсатпен құрылған, белгілі ереже ұстанатын,еңбек бөлінісімен сипатталатын ұжым түрі. Бұл ретте педагогтардың балаларды пайдалы әлеуметтік іспен түбегейлі қамтамассыз етуі маңызды. Бұның барлығы да сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бала өзінің алған білімін практика жүзінде одан әрі шыңдаудың ең тиімді жолы. Ол арқылы оқушы өз бойында жақсы қасиеттерді артырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді. Бойында игі қасиеттер көбейеді. Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңды ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.







6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет