Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны



бет7/9
Дата08.02.2022
өлшемі53,66 Kb.
#120237
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Курсты Ж мыс та ырыбы Жа артыл ан білім мазм ны
Бектуров, Бектуров, Курсты Ж мыс « аза тілін о ыту дістемесі» п ні бойынша Та ыры, 4 6002488242388075129, Бектуров, Курсты Ж мыс « аза тілін о ыту дістемесі» п ні бойынша Та ыры (1), 1800, 1800, Курсты Ж мыс « аза тілін о ыту дістемесі» п ні бойынша Та ыры (1), Targ'ibotchi ish rejasi
Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын дамытады өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады.
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
— өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
— ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
— өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
— пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
— шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
бірлескен жұмыс;
— танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.
Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:
— бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
— рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
— ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
құжаттар, мұражай т.б.)
— презентациялар,
— тренингтер,
— интервью,
— сауалнама т.б.
Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет .
Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі:
Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында)
Шағын топтармен (3-5 баламен);
Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
Балалардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді. Оған дәлел: Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)
Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік пайда болды ма, немесе жоспар іске асты ма деген сияқты ……т.б.
Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.
Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.
«Маршрут» ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.
Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.
«Екі әріп» ойыны.
Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.
«Еске түсіру» ойыны.
Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.
«Қара жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.
«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс. Ортаға бос екі орындық қояды. Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс. «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.
1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Миға шабуыл» стратегиясы
(Мұғалімдермен жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз.
Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
“3 таяқша” әдісі
(мұғалімдермен жұмыс)
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”
5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс)
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 — сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін.»
Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту
ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет