Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші езіне қажетті жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды түрақты қамти алады. Басқа зертгеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зертгелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бүл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оку-тәрбие үрдісінде тиімді тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы қүралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оку, еңбек дагдыларының қалыптасу жылдамдыгы. Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалық және табиғи. Зертханалық эксперимент арнайы үйымдастырылып, Қүрілдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |