Курстық жұмыстың мақсаты Астана қаласының ономастикалық кеңістігі аясында годонимдердің қала өмірінің тарихи дамуы мен мәдени өсуіне тигізер ықпалы жөнінде мәселе қозғау



Дата02.05.2020
өлшемі14,25 Kb.
#65481
Байланысты:
Кіріспе


Кіріспе

Курстық жұмыс Астана қаласының көше, даңғыл атаулары негізінде қазіргі отандық тіл біліміндегі түйткілді мәселелердің бірі – ономастика ғылымының зерттеу нысанындағы онимдер разрядтары (годонимдер, эргонимдер, прагматонимдер, менсонимдер, т.б.) және олардың зерттелу жайы. Себебі қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени қатынастар динамикасы қарыштаған сайын онимдер табиғаты да күрделене, өзгере, жаңғыра түседі. Сондықтан белгілі бір ономастикалық кеңістікті, әсіресе, қала ономастикасын тілдік-тарихи тұрғыдан, саяси-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса өзекті.

Курстық жұмыстың мақсаты – Астана қаласының ономастикалық кеңістігі аясында годонимдердің қала өмірінің тарихи дамуы мен мәдени өсуіне тигізер ықпалы жөнінде мәселе қозғау. «Годоним» ғылыми сөздіктерде қала ішілік желілік нысандар – даңғыл, көше, бульвар, жағалау, т.б. атаулары деп беріледі.

Астана қаласының ономастикалық кеңістігін тарихи-хронологиялық тұрғыдан зерттеуде қазақ тарихындағы жағдайларға байланысты оны үш кезеңге жіктеп қарастырдық:

1-кезең. 1862-1919 ж.,

2-кезең. 1920-1991 ж.,



3-кезең. 1991- 2015ж.

Астана қаласының қала мәртебесін алғаннан бергі кезең ішінде (1862 жылдан бері) годонимия жүйесі тарихпен бірге өзгеріп, құбылып, түрленіп келеді, сондықтан бүгінгі Елорда тарихын шынайы сөйлетуде оны жан-жақты зерттеудің маңызды екендігі сөзсіз. Бірден айтарлығы, Астана қаласының годонимдер кеңістігі «көп қабатты»: онда төңкеріске дейінгі жұрнақтар, кеңестік кезең кезіндегі билік саясаты, тәуелсіздік алған жылдардағы бұрынғы атауды қайта беру сынды сипаттар сақталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет