Курстық жұмысты қорғау мен оны бағалау
Қорғауға оң сын-пікір берілген курстық жұмыс жіберіледі.
Курстық жұмыс «Қаржылық есеп-1» курсы бойынша емтихан күніне дейін студентпен қорғалады. Кафедрамен белгіленген комиссия алдында студент 10 минут ішінде орындаған жұмыстың негізгі мазмұнын түсіндіреді. Студенттің жұмысты қорғау барысында сұрақтарға жауап беруіне, оқытушының берген сын-пікіріне байланысты комиссия жұмысты бағалайды, ол баға транскриптке қойылады. Қанағатсыз бағаланған курстық жұмыс қайта қорғауға жіберіледі. Курстық жұмыс бойынша транскриптте баға болмаса, студент «Қаржылық есеп-1» курсынан емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |