Курстық жоба тақырыбы: Сауд


Тауар қорларының көрсеткіштер жүйесі мен факторлары



бет3/9
Дата21.11.2022
өлшемі112,01 Kb.
#159231
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сауда кәсіпорының тауар айналымы.docx алтыннур (копия)

1.4.Тауар қорларының көрсеткіштер жүйесі мен факторлары
Тауар қорлары абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер көмігімен талқыланады жоспарланады және есепке алынады. Абсолютті көрсеткіштер құндық (ақшалай) және натуралды бірліктерде көрініс табады. Олар түгендеу жүргізу кезінде қолданылады. Абсолютті көрсеткіштердің басты кемшілігі бұл тауар айналымының қалыптасуына қажетті тауар қорларының мөлшерін анықтау мүмкіндігінің болмауы. Сол себепті салыстырмалы көрсеткіштер кең тараған. Олар қорларының мөлшерін кәсіпорынның тауар айналымымен жақындастыруға мүмкіндік береді.Тауар айналымының уақыт пен жылдамдығы арасында тұрақты кері пропорционалды тәуелділік бар. Уақыттың азаюуы мен тауар айналымы жылдамдығының өсуі тауар қорларының аз мөлшерінде тауар айналымының мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл, өз кезегінде, тауар шығындарының төмендеуіне және т.с.с. ықпал етеді.
Тауар қорларының деңгейі, мөлшері және тауар айналымдылығы өзара байланысты көрсеткіштер болып табылады және кәсіпорынның сыртқы жәнне ішкі орта факторлардан тәуелді:
-өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндіріс көлемі
мен өнім сапасы;
- өндірістің маусымдылығы;
- импорт көлемі;
- ассортименттің жаңаруы;
- сұранымның өзгеруі;
- көтерме және бөлшек сауда арасындағы қорлардың бөлінуі;
- жеткізу жиілігін және сақталу мерзімін анықтайтытын тауардың физико-химиялық қасиеттері;
- нақты тауар мен тауар топптарына сұраным мен ұсынымның арақатынасы және баға деңгейі;
- нақты кәсіпорынның тауар айналымының көлемі мен
құрылымы және т.с.с.
Аталған факторлардың өзгерісі тауар қорлары мен тауар айналымдылығының мөлшеріне әсер ету мүмкін.
1.5. Тауар қорларын есепке алу және сараптау әдістері
Сауда кәсіпорындарында тауар қорларын есепке алу және тауардың, әдетте, екі әдісі қолданылады:

  • түгендеу, яғни барлық тауарларды түгел есептеу. Натуралды көріністе алынған мәлііметтер ағымдық бағамен бағаланып, тауар топтары бойынша жалпы сомасы шығарылады. Алайда, бұл әдістің кемшілігі еңбексыйымды және тиімсіз болып келеді, өйткені түгендеу жүргізу кезінде, әдетте, кәсіпорын өз қызметін уақытша тоқтатады;

  • оперативті есеп, яғни жауапты адамдар тауар есебінің мәліметтері бойынша нақты тауарлардың бар екендігін тексереді. Алайда,мұнда тауарлардың орнына олардың орындары (жәшік, рулон, қапшық және т.б.) есептелінеді. Содан кейін тиісті нормаларға сәйкес қайта есептеу жүргізіледі, тауарлар саны анықталады және ағымдағы баға бойынша бағаланады. Аталмыш әдістің кемішілігі бұл түгендеуге қарағанда нақтылығы шамалы;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет