Курстың мақсаты: Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету



Дата15.11.2019
өлшемі25,19 Kb.
#51872
Байланысты:
дарын вариатив 2019-20

Түсінік хат
 Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жастарды игілікке баулудағы адамгершілікке тәрбиелеудегі география, биология, экологияның ролі зор.

Экология қазіргі кезде күрделі кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.Адамның өмірі табиғатпен тығыз байланысты.Қазіргі уақытта эколог ғалымдарды толғандыратын мәселелердің бірі адамзат өмір сүріп отырған «Жер - Ананы» сақтап қорғау. Жер планетасының пайда болуы мен қазіргі жағдайы, флора мен фауна, жалпы Жердегі тіршілік, табиғи байлықтар, табиғатты тиімді пайдалану жолдары жайында кең ауқымды ақпарат беру. Өз бетінше зерттеулер жүргізуге, нәтиже шығаруға баулу.Осыған байланысты 5-сыныпта алынып отырған «Биология және қоршаған орта» факультатив курсы оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға, экология ұғымын терең түсіндіруге арналған.


Балалардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай экологиялық білім беру және тәрбиелеу. Балалардың бойына табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, адам – қоғам – табиғат арасындағы толық үйлесімділік рухына тәрбиелеу. Қ.Р. 2004 – 2015 жылдарына арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес жастардың арасындағы экологиялық ақпарат таратудың үлкен ағартушылық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. 

Курстың оқытылуы:
Табиғатты пайдалануда өнегелік және құқықтық принціпті сақтау, өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге, табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру қажеттілігінен туындаған.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.

Оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттыру, оқу танымдық білік және дағдыларын қалыптасуына көмектесу,оқу еңбегінің тиімді білік және дағдыларын меңгерусұрақтар мен тапсырмаларды орындауарқылы өз беттерінше жаңа білім алады,білімдерін толықтырады және тереңдетеді.
Курстың міндеті:


  • Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу;

  • Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру;

  • Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыру жолдарын қарастыру.

  • Болашақ мамандық таңдауға ықпал ету;

  • Жергілікті жер табиғатына қамқор болу.

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту

  • Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту

  • Проблема қою және оны шешу тәсілдері мен жолдарын таба білу біліктерін мен дағдыларын дамыту

  • Оқуға және өздігінен ізденуге ынталандыруға жағдай жасау

  • Білім алушылардың өз әрекеттеріне, қабылданған шешімдеріне жеке жауапкершілік сезімін,өзін-өзі бағалаудың негізін қалау

  • Білімді күнделікті өмірде қолдану білу дағдысын қалыптастыру,яғни функцоналдық қабілетін дамыту

  • Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттеріне сәйкес келетін танымдық қызығушылықтарды тудыру; 

  • Оқушыларды мәселелік жағдайдың пән мазмұнына сәйкес білімінің болуы. 





Күтілетін нәтижесі:


  • Оқу үдерісін белсендендіру,пәнаралық байланыстардың нәтижесінде нақты білім қалыптастады




  • Оқушылардың пәнге және ғылыми жұмысқа деген қызығушылықтары артады

  • Іс- әрекет нәтижесі презентатция түрінде ұсынылады, бұл оқушылардың ақпараттық- коммуникативтік құзыреттілігі арттыруға мүмкіндік береді.

  • Көпшілік алдында сөйлеуге, өз білімін дәлелдеуге

  • Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамытуға жағдай жасайды.


Әдебиеттер тізімі:
Оқушыларға арналған:

1.Қазақстан энциклопедиясы 1,2,3 томдар 2000 жыл

2.Интернеттен алынған материалдар

3.Шаңырық: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы Қазақстан Алматы 1990 жыл
Мұғалімдерге арналған:

1.Жоғарғы сыныптарға араналған Жобалық іс-әрекет пәні бойынша әдістемелік құрал Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА 2014 жыл

2.PISA, TIMSS зерттеу тапсрымалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауттылықтарын дамыту.Оқу әдістемелік құрал Астана: Ы.Алтынсарин атыгдағы ҰБА 2014 жыл

3.Өлкетану курсын оқыту бағдараламасы,Әдістемелік құралАстана2013 жыл

4.Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру. Әдістемелік құрал. Астана 2014 жыл

5.Ұстаз интернет сайдттары

6.bilimdiler.kz

7. bilimlend .kz

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Өскемен қаласы әкімдігінің

«Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп лицейі» КММ
«Бекітілді» Әдістемелік бірлестікте қаралды «Келісілді»

Мектеп директоры: Әд.ком.жетекшісі: Оқу ісінің меңгерушісі: Акитбаев Е.Т Сығаева Г.Т Адикова Г.А

«.......» ....... 2019ж «.......» ....... 2019ж «.......» ....... 2019ж


«Биология және қоршаған орта »

курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Жоспар ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазан № 604 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде жасалды.

Сынып: 5 «Г», 5 «Д»



Күнтізбелік- тақырыптық жоспар



Тақырыбы

Сағат саны

Сыныбы






1

Жалпы биология ғылымы және қоршаған орта туралы түсінік

1







2

Қоршаған орта және адамның ондағы орны

1







3

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына саяхат

1







4

Мектеп айналасының экологиялық жағдайы (картасхема)

1







5

Біздің қоршаған ортамыздың экологиялық проблемалары

1







6

Жанды және жансыз табиғат

1










Атмосфера

1







8

Гидросфера

1







9

Литосфера

1







10

Биосфера

1







11

Жануарлар әлеміне саяхат

1







12

Өсімдіктер әлеміне саяхат

1







13

Адамның табиғи ортаға әсері

1







14

Экожүйелер

1







15

Топырақ және оны қорғау

1







16

Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары.Дөңгелек үстел

1







17

Ұлттық саябақтардың атқаратын қызметі

1







18

Қазақстанның «Қызыл кітабы»

1







19

Практикалық сабақ

Құстарға ұя жасау



1







20

«Біздің табиғатымыз» эссе

1







21

Табиғаттағы күштер

1







22

Практикалық жұмыс

«Ақжайық, елді мекенім» сурет салу



1







23

Табиғатта демалудың адам үшін пайдасы

1







24

Арал теңізінің экологиялық жағдайы

1







25

Табиғат байлықтары

1







26

Табиғатты тиімді пайдалану

1







27

Өзіміздің қаламыздың экологиялық жағдайы

1







28

Дендросаябаққа серуен

1







29

Табиғат және ақындар

1







30

«Мен және табиғат» шығарма

1







31

Экологиялық орталыққа бару

1







32

Табиғат жайында мақал-мәтел жарысы

1







33

«Табиғатты қорғау – баршаның міндеті» реферат

1







34

Қорытынды сабақ

тест тапсырмасы



1








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет