Қособа бастауыш мектебінің мұғалімдері 2021-2022 оқу жылында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ережелерімен, қағидаларымен танысты.
№
|
Аты жөні
|
таныстым
|
1
|
Кушекенова Алтынай
|
|
2
|
Тулепбергенова Сагадат
|
|
3
|
Мажитова Айгерім
|
|
4
|
Базаргалиева Турсынгуль
|
|
5
|
Жанбуршиева Орынай
|
|
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайыс
Мақсаты:Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, қалақтар, шығыршықтар, кіші сөмкелер.
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.
II. Негізгі бөлім
2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Оқыса білім бұлағы, білімді елдің ұланы» атты бастауыш сыныптар апталығына орай ұйымдастырылған салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа сынып оқушылары мен ата анасы қатысады.
Жүргізуші:Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
«Жалын» тобы
«Шымыр» тобы
«Ептілер» тобы
«Қыран» тобыТаза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :
«Өз тобыңды таныстыр»
«Теннис»
«Кенгуру»
«Фут-зал»
«Навигатор»
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Өнер қуып топ өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Жүргізуші:
1-тур: «Өз тобыңды таныстыр»
Олай болса, ортаға «Жалын», «Шымыр», «Ептілер», «Қыран» топтарын ортаға шақырамыз.
«Жалын» тобы
Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,
Біз спортшы боламыз!
«Шымыр» тобы
Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,
Спорт сүйер өренбіз!
«Ептілер»тобы
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықтымыз,
Бәрін жеңіп шығамыз.
«Қыран» тобы
Топтың ұраны: Біз биіктен самғаймыз, Қарсыластан қалмаймыз.
2-тур: «Теннис»
Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе кедергі арасымен кіші допты жерге түсірмей алып жүру.
3-тур: «Кенгуру»
Ойынның шарты: белгіленген жердегі кіші доптарды корзинаға салу.
4-тур: «Фут-зал» Ойынның шарты: Ата анасы баласын аяғының үстіне тұрғызып,белгіленген жерге барып, кері айналып келу..
7-тур: «Навигатор»
Ойынның шарты: Топ мүшесінен ұлы мен қызы жұптасып бір-біріне арқа сүйеп допты түсірмей кедергі арасымен алып жүру; Мұғалімі шығыршықпен кедергілерден айнала секіре өтіп шығу.
III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, —
демекші, сайысымызға марапаттау уақыты келіп жетті. Қатысушы ата ана мен балаға мадақтама грамоталарымыз бар.
Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |