Кушерова Ж. Е., Кожахметова З. Р



бет6/6
Дата11.04.2022
өлшемі333,09 Kb.
#138856
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқу сауаттылық жинағы

Темірқазық
Темірқазық – аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай аталған.
Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа қарап бағытын анықтап отырған. Ал қалғын жұлдыздардың барлығы таңға дейін өздерінің орындарынан жылжып, біреуі жоғары көтерілсе, енді біреулері төмен түсіп батып кетеді екен.
Темірқазыққа жақын орналасқын екі жұлдыз бар. Олар түнімен Темрқазықты төңіректеп кетпейді. Халық бұл жұлдыздарды Ақ боз ат пен Көк боз ат деп атаған.
Аңыз бойынша Ақ боз ат пен Көк боз ат темір қазыққа арқандалып байланған. Олар түнімен қазықты айнала оттап, жайылып жүреді екен. Зер сала қараған жанға екеуінің шұбатылған арқандары көрінеді делінген.
Жеті қарақшы осы Ақ боз ат пен Көк боз атты ұрлап кетпек болып Темірқазық маңайын үнемі торуылдап жататын көрінеді. Ұрылардың ойы – осы аттарды қалайда қолға түсіру. Ал таң атысымен Жеті қарақшы көзден тайып, тасаланады.
Тапсырма:

  1. Темірқазыққа жақын орналасқан екі жұлдызды халық қалай атаған? А) ақ боз ат пен көк боз ат

В) Темірқазық С) шоқ жұлдыз Д) шолпан

  1. Бұл жұлдыздар жайлы қандай аңыз бар?




  1. Жеті қарақшының қандай ойы бар болған?




  1. Темірқазықтың халық үшін қандай пайдасы болған?



_

  1. Темірқазық –

А) аспанның оңтүстік жиегінде орналасқан жарық жұлдыз
В) аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз
С) аспанның шығыс жиегінде орналасқан жарық жұлдыз Д) аспанның батыс жиегінде орналасқан жарық жұлдыз
Жасыл теңіз тасбақасының өмірлік саяхаты Құмның бетіне шығу
Бұл тамыз айының жұлдызды түні болатын. Жұмыртқалары бар ұя Коста – Рика жағалауынан 60 см тереңдікте құмда көмілген. Ұяның ішінде жасыл теңіз тасбақаларының 100-ден аса жұмыртқалары бар, олардың
әрқайсысының көлемі гольф добымен бірдей. Теңіз тасбақасы балапандарының бірі қозғалып, жұмыртқасынан шыға бастайды. Ол
жұмыртқасының қабығын тұмсығының ұшымен жарады. Теңіз тасбақасының баласы құмның астында көмілсе де, еркіндікке шығады. Аз уақытта ұяның іші қимыл-қозғалысқа толады. Тасбақаның баласы жоғары қарай шығу үшін жүзбе қанаттарын қолданады. Құмның бетіне шығу бір тәуліктен аса
уақытты алуы мүмкін. Суға түсу.
Жұмыртқасынан шыққан тасбақа балапаны құмның бетіне жеткен кезде, мұхиттан шағылысқан ай жарығының соңынан ереді. Бақытына қарай, көрші үйлерден немесе көшелерден ешқандай жарық түсіп тұрған жоқ. Бұл жарық кішкентай тасбақаны шатастырады. Себебі олар теңізден алыстап, басқа
жолға түсіп кетуі мүмкін. Кішкентай тасбақаның суға саяхаты тірі қалудың жарысы сияқты. Оның көлемі грек жаңғағынан үлкен емес. Теңіз шаяны мен бақылдақ құтан сияқты құстар тасбақаның балапандарын жағалауда ұстап алуы мүмкін. Суға түскен тасбақаның балапаны алғашқы күні-түні жүзуін
жалғастыра береді. Екі күн бойы тоқтамайды. Ашық теңізге шығу.
Тасбақа баласының ашық теңіз арқылы жүзетін саяхатын жиі « жоғалған жылдар» деп атайды. Жасыл теңіз тасбақасы өмірінің осы кезеңі туралы ғалымдар аз біледі. Ол ағыс бойымен, теңіз балдырларымен қатар жүзуі мүмкін. Тасбақа баласы теңіз балдырларының арасында және суда қалқып жүрген асшаяндарымен, медузалармен, ұлулармен қоректенуі мүмкін.
Теңізде өкінішке орай адамдар тастайтын қоқыстар, пластикалық қалдықтар болады. Оларды жеу тасбақаның өміріне қауіпті. Теңізде одан басқа да қауіп- қатерлер бар. Акула сияқты жыртқыштар кішкентай тасбақаның астында
жүзеді, ал үлкен құстар оның үстінде ұшып жүреді. Бақытына қарай, оның сауытының түсі қорған болады. Астыңғы бөлігі ақ түсті болғандықтан, астында жүзегін акулалар оны күн шуағының арасынан көре алмайды. Ал
үстіңгі жағы қоңыр болғандықтан, үстінен қарағанда ол судың қоңыр түсімен қосылып көрінбей кетеді.
Жасыл түске боялу.
Бірнеше жылдар өткеннен кейін ол балғын тасбақаға айналады. Ол енді кішкентай балапан емес, бірақ әлі ересек те емес. Оның сауытының көлемі түскі ас ішетін тәрелкемен бірдей болады. Енді ашық теңіздің суларынан, Флориданың, АҚШ – тың жылы жағалауларына қарай кететін уақыт келді. Балапан болған кезіне қарағанда, сауытының үлкеюінің арқасында ол қорғаудың астында болады. Арасында медузаны жұтып қоятынына қарамастан, енді ол көбінесе балдырлармен және теңіз шөптермен қоректенеді. Түнде ол судың астындағы тастардың, төмпешіктердің қасында
5 сағатқа дейін демін тоқтатып тынығады. Ол күнде тасбақа шөбі деп аталатын теңіз шөбінің қасына қайта оралады. Көгалшапқыш сияқты тасбақа теңіз шөбінің жайылымын азайтады. Теңіз шөбін және балдырларды жеуінің арқасында оның дене майы жасыл түске боялады. Сондықтан, бұл тасбақалар жасыл теңіз тасбақалары деп аталып кетті.
Құмға қайта оралу.
Тасбақа 26-ға толған кезде , оның сауытының ұзындығы 90 см-ге, ал салмағы 120 кг-ға жетеді. Енді ол жаңа саяхатқа аттанады. Ол өзінің ұзақ сапарын туған жеріне қайта оралудан бастайды. Сол кезде тасбақа өз жұмыртқаларын басуға кіріседі. Теңіз тасбақасы 1000 км-ден астам қашықтықты жүзіп өте алады, себебі, онда саяхатқа арналған заттың бәрі бар. Оның жүзбе қанаттары құстың қанаттары сияқты. Ол судың ішінде ұшып жүреді. Ғалымдар теңіз тасбақалары өздерінің бағытын мұхит арқылы қалай табатынын әлі де зерттеуде. Олардың ойынша, тасбақалар Жердің магниттік алаңындағы өзгерістерді сезе алады. Бұл тасбақаларға бағыт картасын жасауға көмектеседі. Олардың еске сақтау қабілеті химиялық заттарды табуға немесе судың ішіндегі иістерді сезуге көмектеседі. Туған жеріне оралғаннан кейін ол өзінің сыңарын табады. Бірнеше апта өткен соң, ол қараңғы батқанша күтіп, содан кейін жағалауға көтеріледі. Ол қараңғы біткеннен кейін шығады. Келер буын.
Судан шыққаннан кейін ол құрғақ жерге жету үшін бар күшін салады. Ол үлкен толқындар жұмыртқаларын шайып кетпейтін жерге жорғалайды.
Алдыңғы жүзу қанатшаларын пайдаланып үлкен шұңқыр қазады. Бұл оның болашақ ұясы болады. Артқы жүзу қанатшаларының көмегімен ол
шұңқырдың ішінен тағы кішірек шұңқыр қазады. Екі сағат қызу жұмыстан кейін, ол шұңқырдың ішіндегі кіші, терең шұңқырға 100-ден аса жұмыртқа салады. Әрі олардың үстіне құмды тығыздайды. Содан кейін ұяның ішін толығымен құмға толтырады. Келесі екі айдың көлемінде ол тағы да үш ұя қазып, олардың ішіне жұмыртқаларын салады. Екі айдан кейін жас тасбақалар қабықшаларын жарып шығып, өздерінің жеке саяхаттарын бастайды. Барлық жұмыртқаларын салып болғаннан кейін ересек теңіз тасбақасы қайтадан Флорида жағалауларындағы қорек алаңына барады. Көп жыл өткен сайын осы және басқа да ересек тасбақалар бұл жағалауға тағы да жұмыртқа салуға қайтып келеді. Әрбір жасыл теңіз тасбақасы осылай өмір бойы жұмыс істейді. Ол 80 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін. Бұл уақыт аралығында мыңдаған жас тасбақалар туылып, ашық теңізге кетеді.
Тапсырма:

  1. «Құмның бетіне шығу» бөлімінде не туралы айтылған?

А) әртүрлі теңіз тасбақаларының сырт келбеті қандай болатыны В) теңіз тасбақаларының жүзіп үйренуі жайлы
С) теңіз тасбақалары не жегенді ұнатады
Д) теңіз тасбақалары қалай жұмыртқаларын жарып шығады

  1. Теңіз тасбақасы балапандарының бірі қозғалып, жұмыртқасынан шыға бастайды. Тасбақа жұмыртқасын жарып шыққаннан кейінгі алғашқы екі әрекетін жазыңыз.




  1. Құмның бетіне шыққаннан кейін жас тасбақаларға дұрыс жол табуға не

көмектеседі?
Оларды шатастыратын не?



  1. Неліктен кішкентай тасбақаның суға жету жолы «тірі қалудың жарысы

сияқты» ?



  1. Жұмыртқасынан шыққан тасбақа толқындардан өткеннен кейін ең бірінші

не істейді?
А) басқа жұмыртқасынан шыққан тасбақаларды іздейді. В) теңізге жүзуін жалғастыра береді.
С) балдырлардың арасында тынығады. Д) жейтін қорегін табады.

  1. Теңіз тасбақасы өмірінің қай кезеңі кейде «жоғалған жылдар» деп аталады?

А) жұмыртқа В) балапан
С) балғын тасбақа Д) ересек тасбақа

  1. Мәтінде адамдардың тасбақалар үшін қоршаған ортаны қауіпті еткен екі жолы берілген. Олар қандай?




  1. Тасбақа балапаны сауытының түсі оларды жыртқыштардан қорғайды. Екі

мысал келтіріңіз.



  1. Қашан теңіз тасбақасы 5 сағатқа дейін демін тоқтатады?




  1. Ересек жасыл теңіз тасбақасының қоректенуі туралы мәтінде қандай

деректер берілген?
А) олар қоректі тастар мен тау ойықтарының астынан іздейді. В) олар қоректі табу үшін ұзақ жүзеді.
С) олар қоректену үшін күнде бір жерге барады.
Д) олар қорек табу үшін иіс сезу қабілеттерін қолданады.

  1. Неліктен теңіз тасбақасының дене майы жасыл түске айналады?




  1. Теңіз тасбақаларының әр өмірлік кезеңдерінде олардың көлемі және

қорегі туралы мәтінді қандай мағлұматтар берілген?
Төменде берілген кестені толтырыңыз. Сіз үшін 3 тармағы толтырылған.

Өмірлік кезең

Көлем

Қорек

Жұмыртқа




Жұмыртқаның өзінің
қорегі бар

Балапан







Балғын тасбақа

Түскі ас ішетін тәрелке




Ересек тасбақа




Балдырлар және теңіз шөбі




  1. Аналық жасыл теңіз тасбақасы неше жасында алғашқы жұмыртқаларын салады?

А) 3
В) 10
С) 26
Д) 80

  1. Ересек аналық жасыл теңіз тасбақасының өмірдегі қандай әрекеті ғалымдар үшін әлі түсініксіз?

А) 1000 км-ден астам қашықтықты ол қалайша жүзіп өтеді В) ол өзінің жұмыртқаларына қалай ұя салады
С) ол жыртқыштардан қалай қорғанады
Д) ол жұмыртқа салатын жағалауды қалай дәл табады
Кесек сазбалшық
Ескі ғимараттың жоғарғы қабатында шеберхана орналасқан. Бұл кішігірім шеберханада бөшке ішінде түрлі-түсті бояулар, үлкен дөңгелекті арба, бұйымды пісіріп кептіретін пеш және сазбалшық бар. Терезе алдында ауыр қақпақты үлкен бөшкелер тұрады. Оның ішінде әдеттегідей сазбалшықты сақтаған. Бұрышында ескі кеуіп қалған сазбалшық болды. Соңғы рет қашан сазбалшықты қолымен илегені елдердің есінде қалмаған. Күн сайын қойманың қақпағы ашылады. Ұсталар қолын созып сазбалшықты алады.
Елдердің көтеріңкі көңіл-күйлері, ерекше сезіммен атқарып жатқан
жұмыстары дүңгіршекке дейін естіліп жатты. «Қашан менің кезегім келеді?» деп ойлайды ол. Күндері босқа өтіп жатты. Бір күні өздерінің ұстазымен бірге шеберханаға бір топ балалар келеді. Бірден бәрі қызығып сазбалшыққа қол созады. Біздің дүңгіршектің ішіндегі сазбалшық соңы болғандықтан, оны өздеріне алды. « Бұл үлкен сәттілік» деп ойлады ол. Бала илейтін шеңберге балшықты қойып, бар күшімен айналдырды. Шеңбер айналып жатты, бала бұйым жасап жатты. Бір уыс балшығымыз бұйымға ұқсай бастады. Бала бірнеше рет бұйымды жасауға шарға айналдырды. «Артыңды жинайтын кез келді» -деп ұстазы айтты. Артқы жағында балалардың жуып, кептіріп
жатқаны естілді. Әр жерден су тамшылап жатты. Бала терезенің алдына үйінді сазбалшықты қойып, достарын қуалап жетуге кетті. Біраз уақыттан кейін шеберхана іші бос қалды. Бөлме ішінде тыныштық орнады. Сазбалшық үрейді сезіп, қойма ішіндегі дымқылды аңсады. Қауіп неге келіп тұр?
Сазбалшық қойма ішінде жатып кеуіп, қатты тасқа айналамын деп ойлады. Оның ашық терезе алдында жатып кеуіп бара жатқаны байқалады.
Алғашында күн шыжып тұрды. Түнгі желден кейін сазбалшық қатты түйін тасқа айналды. Ол үміттің үзілгенін сезді. Сазбалшықтың ішінде бір тамшы дымқылдық қалды.
-Жаңбыр жауса екен, - деп ойлады ол.

  • Су болса екен, - деді ол.

Ақырында өзінің құрғап кеткен денесінен өтінемін деген үнсіз сөзді
шығарды. Көшіп бара жатқан бұлттың да сазбалшыққа жаны ашыды. Ашық терезеге жаңбырдың тамшылары жауды. Жаңбыр түні бойы жауып, сазбалшық қайтадан жұмсақ қалпына енді. Шеберхана ішіне дауыстар естіле бастады. «Ой, ой, ой» деген әйелдің даусы. Ол шеберхана ішін тазалайтын әйел екен. Біреу демалыс күндерге терезені ашып кетіпті, енді осы жерді тазалауға тура келіп тұр- деді ол. Ол ілесіп келген қызына сазбалшықпен ойнай тұр деді. Маған керегі осы деп қызы балшыққа жабыса кетті. Балшық жұмсарған соң әртүрлі формаларды жасады. Қыздың саусағы сазбалшыққа керемет болып көрінді. Бірнеше уақыттан соң, қыз кесе жасады. Кесе керемет екен, - деді анасы. Оны сөреге қойып қой, пештің ішіне салып пісіріп, кептіреміз деді. Одан кейін сен оны әртүрлі бояулармен әрлейсің. Кейінірек кішкене кесе жаңа үйдің ішінен орын тапты. Ақыр аяғында сазбалшық кесеге айналып, өз орнымды таптым деп кеудесін керді.
Тапсырма:

  1. Неге сазбалшық ұзақ уақыт қоймада жатты?




  1. Әңгіменің басында сазбалшық нені армандады?




  1. Не үшін сазбалшықты қоймадан суырып шығарды?

А) Қалған кесектердің барын алып қойған В) Қалған сазбалшықтың үстінде жатты. С) Ұнатқаннан кейін алды
Д) Ол балшықты езіп, шеңберге айналдырды.

  1. Бала қай жерде қателік жасады?

А) ол сазбалшықты айналатын шеңбердің үстіне қалдырып кетті. В) бар күшімен дөңгелекті айналдырды
С) терезе алдына қалдырды
Д) балшықты езіп, шеңберге айналдырды.

  1. Бала терезенің алдында сазбалшықты қалдырған соң сазбалшыққа қандай қауіп төнді.




  1. Бала шеберханадан кеткеннен кейін балшық өзін қалай сезінді?




  1. Сазбалшық терезенің алдында ұзақ жатып қандай оқиғаны бастан кешірді?




  1. Сазбалшықтың сезімі әңгіменің басында, ортасында, соңында әртүрлі

болып өзгерді. Неге әртүрлі сезімге өзгергенін түсіндір.



  1. Әңгіменің авторы жансыз затқа жан бітіріп не айтқысы келді?




  1. Бұл әңгімедегі ең басты ой?

Ұмыт қалған балауыз


Қашаннан екені белгісіз, балауыздың сөреде жатқанына көп болды. Ешкім оны керек етпейді. Жарқыраған электр жарығы бар. Бірақ, балауыз ешқашан үмітін үзген емес. Осы үйдегі адамдардың тіршілігін сырттай бақылап, кәдеге жарар күнін сабырмен күтіп жата берді. Бұл үйдің де жандары өзге отбасылар секілді, күндіз ата-анасы жұмыста, балалары сабақта болатын. Кешке бәрі үйге жиналады. Әрқайсы өз смартфондарына шұқшиып отырып, кешкі астарын қалай ішкендерін де білмей, өз бөлмелеріне тарап кететін. Қолдарындағы смартфоннан жалықса, балалар компьютердің, үлкендер теледидардың алдына жиналатын. Осылайша бірқалыпты күндер өтіп жатты. Даңғарадай үйдегі адамдар бір-бірімен сырласып, сөйлесуден қалды. Әркім өзімен-өзі әуре. Отбасылық жылу жоғалып бара жатқандай. Осының бәрін көріп жүрген балауыздың адамдарға жаны ашып, сөніп бара жатқан жылуды қалай жандырсам екен деп уайымдайтын. Оларға шынымен де көмектескісі келді. Бір күні, қатты боран соқты. Қаттылығы сонша, электр желілері үзіліп, бүкіл қала жарықсыз қалды. Электр қуатын тұтынатын құрылғының бәрінің басына үнсіздік туды. Дәл сол сәтте сөреде жатқан балауыздың арманы орындалды. Аналары:- Осы сөрелердің бірінде бір балауыз болған. Қане, іздейікші, - деп ұялы телефондарының жарығымен барлығы жабылып, ұмыт қалған балауызды іздей бастады. Ақыры тапты-ау. Балауыздың табылуын күткендей, ұялы телефондардың да қуат көзі таусылып қалды. Оның астына кішкене ыдыс қойып, тұтатқаны сол еді, тас қараңғы үйге нұр себілгендей болды. Үйдегі жалғыз жарық - ұмыт қалған балауыздың сәулесі. Ата-анасы да, балалар да балауыз тұрған үстелдің басына жиналды. Олар бір-бірін танымайтын, ортақ әңгімелері жоқ адамдардай біраз үнсіз отырысып қалды. Кенет отағасы:- Балалар, осылай үнсіз отырамыз ба? Мен сендерге балалық шағымдағы қызықты бір оқиғаны айтып берейін, - деп ең алғаш атқа мініп үйренгендегі қызықтары жайлы майын тамызып тұрып әңгімелеп берді. Содан кейін аналары да өзіне көйлек тігемін деп, үлкен матаны қалай кескілеп тастап, анасынан ұрыс естігенін айтып бәрін бір күлдіріп алды. Балалар да мектептегі қызықтарын айтып, ата-аналарын біраз таң-тамаша қылды. Ал балауыз болса, өзінің арманының орындалғанына төбесі көкке жеткендей болып, маздап жана берді, жана берді. Қуанышы қойнына сыймай, осы бір мейірім, жақындық ұшқыны қайта орнаған отбасының жылуын сөндіріп алмас үшін, нұрын аямай төкті. Шаттанғаннан соңғы рет лап-лап жанды да, баяулап сөне бастады. Сол сәтте электр жарығы да самаладай жарқырап кетті. Бірақ, бұған ешкім де қуана қоймады. Олар әлі де болса біраз отыра тұрғылары келген еді. Осылайша, ұмыт қалған балауыз өз арманына жетіп, адамдардың жүрегіндегі бір-біріне деген шынайы отбасылық махаббат оятыпты. Сол кештен үлкен әсер алған отбасы, кей күндері бүкіл жарықты сөндіріп, балауыз жағып қойып, қызықты әңгімелерін айтып, бір-бірімен сырласатын болыпты.
Тапсырма:

  1. Балауыз нені аңсады?




  1. Неліктен отбасы мүшелері балауызды керек етпеді?




  1. Балауыздың арманы қай сәтте орындалды?

А) дауыл соғып, жарық өшкенде В) балалар қуанғанда
С) смартфонмен ойнағанда Д) компьютер қолданғанда

  1. Ең алғаш атқа мініп үйренгендегі қызықтары жайлы майын тамызып тұрып кім әңгімелеп берді?

А) әкесі В) анасы С) ағасы Д) әпкесі

  1. Балауыз шам неліктен нұрын аямай төкті?




  1. Балауыздың қандай арманы бар еді? Орындалды ма?




  1. Отбасы неліктен кейде жарықты сөндіріп, балауыз шаммен отырды?



_

  1. Бұл әңгімедегі негізгі ойды анықта:




  1. Қазіргі отбасылық жағдаймен салыстыра отырып, балауыз шамның

қажеттілігі туралы не айтасың?

Патшаның қызы неге бақытсыз?


Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы.Патша қуана рұқсат етіпті.


Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.
Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.



  1. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.



_



  1. Патша неге алаңдады?

_



  1. Қыз қайғысының себебін кім тапты?

А) уәзір
В) патша
С) жолаушы Д) әпкесі

  1. Әпкелі-сіңлі патша қыздарына сипаттама бер.



_


_

  1. Саяхатшының «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған» деген сөзінен қандай ой түйдің?

_



  1. Патшаның үлкен қызы неге бақытсыз болып жүрді?




  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез -келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. Бұл жинақта алынған тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну, сұрақтарға жауап беру, өз ойын дәлел келтіре отырып жеткізу, мәтінді бөлімдерге бөлу, негізгі ойды анықтау, кейіпкерлерді сипаттау мақсатында алынған. «Оқырман сауаттылығы» - бұл адамның өмірде толыққанды қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба
сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптастырады. Сонымен қатар бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтау, мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену әдістемелік зерттеу нысаны болып табылады. PIRLS зерттеуінің
зерттеу рәсімдері қарастырылады. Тапсырмалардың екі түрі бар – ашық және жабық. Бұл тапсырмалар оқушылардың оқыған мәтінін түсіну деңгейі мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді: әдеби оқу тәжірибесін игеру; ақпараттты меңгеру және қолдану. Осы жаңартылған білім беру халықаралық салыстырмалы зерттеулерінде көкейкесті және мақсатты, жаһандық мемлекеттің даму шартына сәйкес жалпы тұрғыда әлеуметтік –
экономикалық дамудағы сұрақтар көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана «Казахстанский путь

2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» [Электронный ресурс]
– Режим доступа: http://strategy2050.kz/ru/page/message_text2014/



  1. Результаты международного исследования оценки учебных достижений учащихся 4-х и 8-х классов общеобразовательных школ Казахстана. Национальный отчет. – Астана: НЦОСО, 2013. – 237 с.




  1. Основные результаты международного исследования образовательных достижений 15-летних обучающихся PISA-2012. Национальный отчет. –




  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.- Астана:2012. –1-2 б.




  1. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі, әдістемелік құрал, Астана: 2013. – 7-8 б.




  1. РІSА халықаралық зерттеуі, әдістемелік құрал. Астана: ҰББСБО, 2013. – 8- 9 б,– 79 б.




  1. Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық. PEARSON 2013. – 138 б.

  2. Оқу сауаттылығы.Мұғалімнің жұмыс дәптері. PEARSON 2013. – 47-48 б. 9)Основные результаты международного исследования РІSА 2012.

Национальный отчет. Астана: 2013. –105-106 с., –147 с. 10)Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ деңгей: 2012. –58 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет