- Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу мен дамыту. Жоғарыда атап өткен кешенді бақылау әрқашан қажет болса бермейді. Кей жағдайда сапаның тек бір ғана қасиетінің дифференциалды бағасы да жеткілікті (мысалы, жақсы тауарды таңдау мақсатында екі үлгінің салыстыру барысында бір үлгінің барлық басқа қасиеттері екіншісінің қасиеттерімен сәйкес болуы мүмкін).
- Квалиметрияның негізгі мақсаттары:
- 1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет, үрдіс және т.б.) әртүрлі қасиеттермен сипатталады. МЕМСТ 15467-79 «Өнімнің сапасы. Терминдер». Бұл қасиеттер жай және күрделі болуы мүмкін.
- 2. Сапа бұл өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығын анықтайтын күрделі қасиет немесе қасиеттер жиынтығы.
- 3. Сапа иерархиялық құрылымда ұсынылады. Жоғары орында сапа, ал төменгі орында қарапайым қасиеттері болады.
- 4. Жеке қасиеттер белгілі бір өлшем бірлігімен өлшенеді немесе бағаланады. Соның нәтижесінде сапа көрсеткішінің абсолютті мәндері анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |