Квалиметрия


Сапа басқарудағы халықаралық стандарттар



Pdf көрінісі
бет27/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
treatise8149

Сапа басқарудағы халықаралық стандарттар 
Қазіргі  заман  шарттарында  ең  маңызды  мақсаттардың  бірі  болып  сапа 
табылатындығын  ескеретін  болсақ,  персоналды  басқару  жүйесі  сапамен 
байланысты  болуы  қажет,  сапа  менеджменті  жүйесіне  барабар  болып,  дəл 
сондай қағидалар мен негіздерге негізделуі керек. 


 
40
Халықаралық  стандарттау  ұйымының (International Standard Organization - 
ISO) берген анықтамасы бойынша стандарттау дегеніміз – «бір салада барлық 
мүдделі  тараптардың  пайдасы  үшін  жəне  солардың  қатысуымен  реттеу 
мақсатында,  атап  айтар  болсақ,  қауіпсіздіктің  функционалдық  шарттары  мен 
талаптарын сақтай отырып жалпыға  ортақ максималды үнемдеуге қол жеткізу 
үшін  ережелерді  орнату  жəне  қолдану  процесін»  білдіреді.  Өнім  (қызмет) 
сапасын  басқару  халықаралық,  мемлекеттік,  салалық  стандарттар  негізінде 
жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте  халықаралық  стандарттар  ерекше  рөл  атқарады. 
Себебі,  халықаралық  сауда-саттықты  жəне  жалпы  алғанда  экономикалық 
ынтымақтастықты  кеңейтуге негіз болып табылады, ғылыми-техникалық  жəне 
əлеуметтік  процестердің  жылдамдатылуына  септігін  тигізеді.  Сапаны  басқару 
жөніндегі  əртүрлі  ұйымдардың  тəжірибесі ISO 9000 халықаралық  стандарттар 
пакетінде жинақталған. Бүгінгі таңда ISO 9000 стандарттар сериясы қандай да 
бір болмасын ұйымның тұрақты сапасына қол жеткізуінің негізін құрайды. 
ISO 9004 стандарттары TQM – сапаны  жалпылама  (бүкіл)  басқару 
тұжырымдамасының  негізгі  қағидаларына  негізделген  сапа  жүйелерін  əзірлеу 
жəне қолдану жөніндегі мəліметтер мен ережелерден тұрады. 
TQM анықтамасы жəне түсіндіруі бойынша бірауыздан қабылданған пікір 
жоқ.  Танымал  Бове  жəне  Тилл  деген  мамандар  мынадай  анықтама  береді: 
«Сапаны  жалпылама  басқару – бұл  жалпылама  сапаға  алып  баратын  сапаға 
деген  ұмтылыс  пен  басқару  практикасына  негізделген  ұйым  философиясы. 
Бұдан шығатын сапа – бұл өндіріс процесінің бір кезеңінде қадағалап отыруды 
немесе  қосуды  қажет  етпейтін  нəрсе,  бұл - ұйым  мəні».  Өте  кең  тараған 
анықтамалардың  бірі ISO 8402–94 халықаралық  стандартында  келтіріледі: 
«TQM – сапаға  негізделген  ұйымды  басқаруға  деген  əдістеме.  Бұл  əдістеме 
өзінің  барлық  мүшелерінің  қатысуына  негізделген  жəне  тұтынушыны 
қанағаттандыру  арқылы  ұзақ  мерзімді  табысқа  қол  жеткізуге  жəне  ұйым  мен 
қоғамның  барлық  мүшелерінің  пайдасына  қол  жеткізуге  бағытталған». ISO 
9000:2000 стандартында TQM ұйымды толығымен қамтитын сапа менеджменті 
ретінде анықталады. 
Осының  барлығы  бүкіл  кəсіпорын  жұмысын  бағалауда  сапаны  негізгі 
критерий  деп  есептейтін,  сапаны  оның  экономикалық  жəне  əлеуметтік,  тіпті 
психологиялық  кең  тұрғысынан  түсіндіретін,  өндіруші  мен  тұтынушы 
арасындағы қарама-қайшылықтың міндетті түрде болуы туралы тезисті теріске 
шығаратын TQM философиясының  идеялық  мазмұнын  анықтайды.  Фирма 
(кəсіпорын, ұйым) деңгейіндегі TQM мына мақсаттарды көздейді: кəсіпкерлікті 
тұтынушылардың 
ағымдағы 
жəне 
потенциалды 
сұраныстарын 
қанағаттандыруға 
бағыттау; 
сапаны 
кəсіпкерліктің 
мақсаты, 
фирма 
философиясы жəне корпоративтік мəдениет деңгейіне көтеру; ұйымның барлық 
ресурстарын оңтайлы пайдалану.  
ISO 9000 жанұясы  стандарттарының  тұжырымдамасы  мен TQM 
концепциясы  ережелерінің  арасында  айырмашылық  бар.  Ол  мынадай  көрініс 
табады: стандарттар ең бірінші кезекте бір нəрсені қате орындау ықтималдығын 
төмендетуге  бағытталған  болса, TQM сапаны  басқару  жөніндегі  заманауи 


 
41
əдістердің  ұшқыр  биігі  болып  табылады  жəне  белгілі  бір  сапа  дəрежесіне  қол 
жеткізілген кезде, өнім сапасын ары қарай арттыруға бағытталған. 
Өкілеттікті  беру,  яғни,  басқаруға  қатысу  жеке  жəне  ұжымдық  (топтарда) 
түрде  болуы  мүмкін.  Жұмысшыларға  өкілеттікті  беру,  оқыту,  алғыс  білдіру 
жəне  марапаттау  арқылы  іске  асады.  Өкілеттікті  беру  процесінде  мыналар 
болуы керек: 
-  басшылардың  жұмысшыларға  құқықтар  мен  жауапкершіліктер  беруге 
дайын болуын қалыптастыру; 
-  өздеріне  берілген  өкілеттік  пен  жауапкершілікті  қабылдай  алатын 
жұмысшыларды оқыту; 
-  өз  жұмыстарын  талқылау  үшін  басшылар  мен  жұмысшылар  арасында 
екіжақты байланысты қамтамасыз ету; 
- алғыс білдіру мен марапаттауларды ұйымдастыру.  
Өкілеттікті  беру  процесінде  басшы  мен  қол  астындағы  қызметкер 
арасындағы  шекара  жойылып, «шегі  жоқ  компания»  құрылады.  Персоналды 
басқару жүйесінің ұйымдастырушылық-институционалды элементтерінің өзара 
əрекеттесуін  өзгерту  мынадай  құндылықтарға  негізделуі  керек:  тұлғаға  деген 
құрмет;  интеграцияның  жоғары  стандарттары;  жаңашылдық;  тұтынушыға 
көмектесу  (оның  ішінде  ішкі  тұтынушыға  да);  топта  жұмыс  істеу;  жеке 
қасиеттерге қол жеткізу; өзара сенім.  
Көп жағдайда ұжымдық түрде қатысу процесі қолда бар басқару жүйесіне 
орнатылуы  керек.  Əдетте,  басқару  процесіне  персоналдың  қатысуын  арттыру 
үшін ұйымдастыру құрылымын өзгертудің қажеті жоқ. 
  Сапа  жүйесі – аз  шығын  жұмсай  отырып  жоғары  сападағы  өнімдерді 
қамтамасыз ететін өлшеудегі ұйымдасқан топтар мен техникалық топтар. Сапа 
жүйесінің  құрамына  ұйымдасқан  əртүрлі  құрылымдар,  технологиялық 
өндірістер мен əдістер, сапаны қамтамасыз етудегі түрлі құралдар кіреді.  
Сапа жүйесін дамыту мен оны қолданудың жетістіктері мынадай: 
1.  талаптарға сəйкес келмеушілік; 
2.  фирмалар жетістіктері жəне қабілеттілігін жоғарылату; 
3.  өнімнің сапасы бағытындағы жауапкершіліктерді арттыру; 
4.  қолданыстағы əдістерді жүзеге асыру жəне оң тəсілдерді көбейту. 
Халықаралық ISO 9000 сапа  жүйесін  дамыту  мақсатына  бағытталған 
стандарттау сериясы. Дамыту процесі жалпы басқару процесінде сапа басқару 
элементінің жекеше дамуы т.б. сияқты бағыттардан тұрады.  
Стандарт  өнімге  қойылатын  талаптарды  белгілейтін  нормативтік-
техникалық  құжат;  осы  құжатты  жасау,  өндіру,  пайдалану  сондай-ақ, 
стандарттаудың басқа да нысандарына қойылатын талаптар туралы ережелер. 
Нормативті-техникалық 
құжаттардың 
ішінде 
техникалық 
талаптар(шарттар)  ерекше  орын  алады,  себебі  олар  өнімді  керекті  жерге 
жеткізудің негізгі құжаттары болып табылады. 
• Техникалық  талаптар - өнімнің  белгілі  бір  түріне  қойлатын  талаптар 
туралы  нормативтік-техникалық  құжат.  Бұл  анықтамадан  тұтынушыларға 
берілетін  өнімнің  сапасын  бақылап  тексеруге  қойылатын  талаптар  туралы 
құжаттардың жинағы өте қажет екендігін көреміз. 


 
42
• Өнім  сапасы  өнімнің  тиісті  қажеттіліктерге  жарамдылығын  көрсететін 
қасиеттердің жиынтығы. 
• Техникалық  деңгей - өнім  сапасының  салыстырмалы  сипаттамасы; 
техникалық деңгей өнімнің техникалық жетілдірілуінің көрсеткіштерін базалық 
көрсеткіштермен салыстырып қарастыруға негізделген. 
Сапаның  ең  маңызды  көрсеткіштері  ретінде  өнімнің  беріктігін,  ұзақ 
уақытқа шыдамдылығын айтуға болады.  
Өнімнің  беріктігі  (немесе  сенімділігі)  деп  өнімді  пайдаланудың, 
техникалық  күту  мен  жөндеудің  ақырғы  мерзіміне  дейін  оның  (өнімнің) 
қолданысқа жарамды қасиеттерін сақтауын айтады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет