40
Халықаралық стандарттау ұйымының (International
Standard Organization -
ISO) берген анықтамасы бойынша стандарттау дегеніміз – «бір салада барлық
мүдделі тараптардың пайдасы үшін жəне солардың қатысуымен реттеу
мақсатында, атап айтар болсақ, қауіпсіздіктің функционалдық шарттары мен
талаптарын сақтай отырып жалпыға ортақ максималды үнемдеуге қол жеткізу
үшін ережелерді орнату жəне қолдану процесін» білдіреді. Өнім (қызмет)
сапасын басқару халықаралық, мемлекеттік, салалық стандарттар негізінде
жүзеге асырылады. Бұл ретте халықаралық стандарттар ерекше рөл атқарады.
Себебі, халықаралық сауда-саттықты жəне жалпы алғанда экономикалық
ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болып табылады, ғылыми-техникалық жəне
əлеуметтік процестердің жылдамдатылуына септігін тигізеді. Сапаны басқару
жөніндегі əртүрлі ұйымдардың тəжірибесі ISO 9000 халықаралық стандарттар
пакетінде жинақталған. Бүгінгі таңда ISO 9000 стандарттар сериясы қандай да
бір болмасын ұйымның тұрақты сапасына қол жеткізуінің негізін құрайды.
ISO 9004 стандарттары TQM – сапаны жалпылама (бүкіл) басқару
тұжырымдамасының негізгі қағидаларына негізделген сапа жүйелерін əзірлеу
жəне қолдану жөніндегі мəліметтер мен ережелерден тұрады.
TQM анықтамасы жəне түсіндіруі бойынша бірауыздан қабылданған пікір
жоқ. Танымал Бове жəне Тилл деген мамандар мынадай анықтама береді:
«Сапаны жалпылама басқару – бұл жалпылама сапаға алып баратын сапаға
деген ұмтылыс пен басқару практикасына негізделген ұйым философиясы.
Бұдан шығатын сапа – бұл өндіріс процесінің бір кезеңінде қадағалап отыруды
немесе қосуды қажет етпейтін нəрсе, бұл - ұйым мəні». Өте кең тараған
анықтамалардың бірі ISO 8402–94 халықаралық стандартында келтіріледі:
«TQM – сапаға негізделген ұйымды басқаруға деген əдістеме. Бұл əдістеме
өзінің барлық мүшелерінің қатысуына негізделген жəне тұтынушыны
қанағаттандыру арқылы ұзақ мерзімді табысқа қол жеткізуге жəне ұйым мен
қоғамның барлық мүшелерінің пайдасына қол жеткізуге бағытталған». ISO
9000:2000 стандартында TQM ұйымды толығымен қамтитын сапа менеджменті
ретінде анықталады.
Осының барлығы бүкіл кəсіпорын жұмысын бағалауда сапаны негізгі
критерий деп есептейтін, сапаны оның экономикалық жəне əлеуметтік, тіпті
психологиялық кең тұрғысынан түсіндіретін, өндіруші мен тұтынушы
арасындағы қарама-қайшылықтың міндетті түрде болуы туралы тезисті теріске
шығаратын TQM философиясының идеялық мазмұнын анықтайды. Фирма
(кəсіпорын, ұйым) деңгейіндегі TQM мына мақсаттарды көздейді: кəсіпкерлікті
тұтынушылардың
ағымдағы
жəне
потенциалды
сұраныстарын
қанағаттандыруға
бағыттау;
сапаны
кəсіпкерліктің
мақсаты,
фирма
философиясы жəне корпоративтік мəдениет деңгейіне көтеру; ұйымның барлық
ресурстарын оңтайлы пайдалану.
ISO 9000 жанұясы стандарттарының тұжырымдамасы мен TQM
концепциясы ережелерінің арасында айырмашылық бар. Ол мынадай көрініс
табады: стандарттар ең бірінші кезекте бір нəрсені қате орындау ықтималдығын
төмендетуге бағытталған болса, TQM сапаны басқару жөніндегі заманауи
42
• Өнім сапасы өнімнің тиісті қажеттіліктерге жарамдылығын көрсететін
қасиеттердің жиынтығы.
• Техникалық деңгей - өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы;
техникалық деңгей өнімнің техникалық жетілдірілуінің көрсеткіштерін базалық
көрсеткіштермен салыстырып қарастыруға негізделген.
Сапаның ең маңызды көрсеткіштері ретінде өнімнің беріктігін, ұзақ
уақытқа шыдамдылығын айтуға болады.
Өнімнің беріктігі (немесе сенімділігі) деп өнімді пайдаланудың,
техникалық күту мен жөндеудің ақырғы мерзіміне дейін оның (өнімнің)
қолданысқа жарамды қасиеттерін сақтауын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: