Кітаппен жұмыс: Кітаптан Рабғузи қиссаларын оқып, мазмұнын айтып талдап береді
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Рабғузи кітабы не жайында?
Неге ол «Қисас-ул әнбиа» деп аталады?
Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?
Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі ертегілерде кездеседі?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Рабғузидің шығармаларын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы Махамбеттің «Соғыс» өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру, өлеңде кездесетін тұрақты тіркестер, теңеу сөздерді талдау; тәрбиелік – оқушыларды елін, жерін, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықты дәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, батыр киімі, қару-жарағы, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, «Еліміздің рәміздері» тақырыбындағы буклет, М.Қалымовтың «Исатай-Махамбет» атты суреті, үнтаспа, Жәңгір ханның суреті, хронологиялық таблица жазылған плакат бет.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |