Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру,жағымды көңіл-күй туғызу,ынталандыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау» стратегиясы.
Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына байланысты «зымыран сұрақ» жүргізу:
1.Төлеген Айбергенов кім?
2.Ол қашан, дүниеге келген?
3.Қандай оқу орнын бітірген?
4.Қандай шығармаларын білесіңдер?
5. «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» дегенді қалай түсінесің?
6. Төлегеннің өлең құрылысына енгізген жаңалығы қандай?
«Мәнерлеп оқу» стратегиясы.
Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыту.Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқып жатқан кезде қалған топ мүшелері плакаттарға маркерлермен («Топтастыру» стратегиясы) жұмыс жүргізеді.Әр топ өздері құрған стратегияларына түсінік береді.