Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,проблемалық оқыту,салыстыру,модельдеу.
Көрнекіліктер: ақын портреті,таблицалар,таратпа материалдар.
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру
Өткен сабақта қай жазушының қандай шығармасымен танысып едік? (Қарауылбек Қазиев. «Менің шешем»)
Үйге қандай тапсырмалар берілген еді? (Мазмұндау,шығарма, «Ана» тақырыбында өлең шығару,үзіндіні жаттау.)
Әңгімеде қай жылдардағы Ана бейнесі суреттеледі? (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы).
Ананың ауыр еңбегі,әкесіз бала тағдыры қалай суреттеледі?
Әр топтан оқушылар өз пікірлерін білдіреді,өлең,шығармасын оқиды.Сөзжұмбақ шешеді.
Өлеңнің басты идеясы неде? (Ана мен бала арасындағы қарым қатынас,ананың балаға,баланың анаға деген шынайы махаббаты.)
Жаңа сабақ. Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін тақырыбымен,мақсатымен таныстырамын.Сабақтың ұраны жазлған таблицаны ілемін.
1-оқушы оқиды,мазмұнын түсіндіреді.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да өткен сабағымызбен өзектес,үндес: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас,бүгінгі күн проблемасы.
- Қазіргі кезде әңгіме жаңа проза жанрында қалам тербеп жүрген жазушылардан кімдерді білесіңдер?
- Шерхан Мұртаза,Сайын Мұратбеков,Қабдеш Жұмаділов,Дулат Исабеков,т.б.
- «Әңгіме» жанрының анықтамасын кім айтады? Эпикалық жанрдың түрлерін ата. (Адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма)
- Роман-эпопея,роман,хикаят,әңгіме.
Тақтаға Төлен Әбдіков суретін іліп,өмірбаяны туралы мәлімет беремін.Жоспарды да іліп,әңгіме мазмұнымен қысқаша таныстырамын.
Төлен Әбдіков шығармасының басты тақырыбы – адамгершілік,салт-дәстүр,ізгілік ...
«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы – адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын,жасанды қарым-қатынасы.
(дәптерге жоспарды жазып ілу)
1.Ерғабыл қарттың арманы
2.Ата-ана сағынышы,қонақтарды қарсы алу
3.Сапабектің әңгімесі
4.Қонақтарды шығарып салу
5.Ерғабылдың реніші
Достарыңызбен бөлісу: |