Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтің «Бір тойым бар» өлеңі Сабақтың мақсаты: білімділік - ақын өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру,өлеңді оқыта отырып идеялық мазмұнын ұғындыру; дамытушылық - өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып поэзиялық шығармаларды талдау дағдысын қалыптастыру,тілін дамытып,мәнерлеп оқуға баулу; тәрбиелік - жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіру,ұлы мұраттар жолында еңбек етуге,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойтолғау,шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: ақын бейнесі,жыр жинақтары бойынша көрме,естеліктер,ақынның өзіндік бес ерекшелігі, аудио және бейнетаспа т.б.
Сабақ келбеті. Үй тапсырмасы. Поэзия! Менімен егіз бе едің, Сен мені сезесің бе,неге іздедім? Алауратқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім, - деп жырлаған Мұқағалидың поэзиялық шығармаларының бірі – «Аққулар ұйықтағанда» дастаны.
Ал енді осы дастан бойынша берілген үй тапсырмасына көңіл бөлейік.
Жылқышы мен ананың диалогы.
(Нұрғиса Тілендінің «Аққу» күйінің әуенімен рөлге бөліп ойнайды.)
.
Жалпы бұл поэмадан біз қандай тағылым алдық?
Шығарма идеясы аққуды атпаудан әлдеқайда кең.тек аққуды емес,табиғатты сақтаңдар,әдемілікті көре біліңдер,әсемдікті аялаңдар дейді. Бүгін әсемдікті сақтауға үйретсек,ертең ізгілік үшін күресуге дайын боламыз.Адам да табиғаттың бір бөлшегі.Демек,табиғатты сақтауға үйрену – адамгершілікке,ізгілікке бастайтын алтын баспалдақ.
Мұқағали поэзиясы – мөлдір де таза,сарқылмас поэзия.Сіздер өлең табиғатын терең түсіну үшін поэзиялық шығармаларды көбірек оқығандарыңыз жөн.Мұқағалидың
«Наурыз айы туғанда Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға Сапарға кеткен ұлдарға. Наурыз айы туғанда» деп басталатын «Наурыз думан» атты өлеңі де бар.Алда Нурыз тойы келе жатыр.Баршаңызды Наурыз тойымен құттықтаймын!
Жаңа сабақ. Халық мұндайда «Той тойға ұласын!» деп жатады.Ендеше бүгінгі сабағымыздың өзегі де той жайлы болмақ. бүгінгі қарастыратын өлеңіміз «Бір тойым бар» деп аталады.Өлеңнің авторы жайлы айтар болсақ.
«Ол» деп отырғаным – Төлеген Айбергенов,асқақ үнді ақын,біртума талант.
Мен марттағы найзағай күркірімін,
Құрамнғазы күйінің бір тілімін.
Менің жаным саясын паналаған
Дүниедегі бар қыздың кірпігінің, - деп өзі жырлағандай,сегізінші наурыз – қазақ поэзиясы үшін де үлкен мереке,жыр мерекесі.
Өмірдерек
Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақстанда туған.1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы пединститутты бітірген соң туған жерінде мұғалім болып жұмыс істейді.Оның найзағай отындай жарқ еткен
жырлары поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды.
- Ал енді,балалар,Төлеген жайлы естеліктер не дейді? Олармен өзіміз танысып,ойларымызды ортаға салайық.
Әр топ араларыңыздан жетекші сайлаңыздар.Сонан соң топ жетекшілері естеліктерді өз тобымен оқып,өзге топтармен ой бөліссін.