5. Композициялық жоспар құру.
Композиция - әңгіменің (көркем шығарманың) құрылымы.
1.Ерғабыл шалдың арманы.
2.Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласы Сапабекті күтуі,оған деген сағынышы.
3.Ұлы Сапабекке көңілі толмаған Ерғабыл шал.
4. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.
5. Ата-ананың ұлымен қимай қоштасуы.
Венн диаграммасы
ұқсастығы
7.«Ата-ана және балалар» тақырыбына ауызша ойтолғау.
8. Менің (мұғалімнің) «Қонақтар» әңгімесі бойынша қорытындым.
- Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.
Үй тапсырмасы: Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіне сүйене отырып «Ата-ананың қадірі» деген тақырыпта шығарма жазу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Достарыңызбен бөлісу: |