Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9



бет192/206
Дата15.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#131844
түріСабақ
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   206
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Халы ауыз дебиеті

Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап жаулармен шайқастарға, қатынасады, ерлік көрсетеді. Сол шайқастардың біріңде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен,
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман,
Сыртым — құрыш, жүзім — болат
Тасқа да салсаң, майырылман! —
деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін әрі қайсар мінезін қапысыз танимыз. Ақын өзінің бар өмірін елі, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың "ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап" деген жолдарынан мұны айқын аңғарамыз.
Ақтамберді өз толғауларыңда ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені, елдің ерлігін сақтар, оны сыртқы жаудан қорғар - батыр ұлы. Ақынның әйгілі Бөгембай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Ағайының көп болса » өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   206




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет