б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ғ.Мүсіреповтің алғашқы әңгімесі – 1928 жылы жазылған «Қос Шалқар».туған өлкесіне ержеткенде оралған кейіпкердің өткенді бүгінгімен салыстыра еске алғаны айтылады.Бүгінгі қос Шалқар кешегі сәби көңілін құлазытқан жер емес екенін түсінгені айтылған.Жазушы әңгіме кейіпкерінің екі Қос Шалқардағы екі түрлі өмірді көргенін,екеуі екі түрлі сезім екенін суреттеген.
Жазушының «Талпақ танау» (1933) әңгімесі қазақ аулына шошқаның алғаш келуін суреттейді.Шошқаны «малдан гөрі итке ұқсайды», «бауыры толған қаз-қатар емшек» деген ауыл адамдарының сөзін келтіруден-ақ қазаққа жат малдың қадірлі санайтын қоймен(«қойға теңемеші кәпірді») қатар бағуды күштеп кіргізіп отырған саясатты астарлы жеткізеді.
Халыққа теңдік,жақсылық береміз деген социализм сұмдығы, «Шұғыла»(1933) әңгімесінде де ашылады. «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» деген үкімет саясаты қазақтың күнкөрісі малынан тігерге тұяқ қалдырмай түгел алып қояды.Халық аштыққа,жаппай қырылуға ұшырайды.Осы жайды жазушы ашық жазбағанымен,аштықтың себебін,кінәлі басшылықты астармен бейнелейді.Елді тентіретіп,алдының аштықтан өлуіне себепкер болғандардың бірі – Дәулетбек піркәншік пен оның әйелінің топастығын,сұрқиялылығын суреттейді.Алғашқы жоғарыда аталған шығармаларында 20-30 жылдардағы халық өмірінің шынайы шындығын берген түбегейлі тартысты ойнақы әзілмен,жарасымды қалжыңмен,ұлттық нақышпен дәл суреттеуін шеберлік үлгісі деуге болады.
Жазушының аналар бейнесін ашқан әңгімелерінің өзі бір роман жүгін көтереді. «Ер ана», «Ақлима», «Ананың арашасы», «Ашынған ана» әңгімелерінде әйел-ананың өр,ер,тәкаппар,еңбекқор,рухы күшті бейнелері жасалды.Ана деген сөзбен адамгершілік асыл қасиеті ашады.Нағима,Наталья,Ақлима,Қанапия аналардың ерлігін жаза отырып,халық ерлігінің төркініне бойлатады.
Жазушы «Этнографиялық әңгімесінде» қазақ қоғамындағы өз ортасы қажетсіз дәтүрді ұстанған ауыл тағдырын жазады.Жаңаны қабылдағысы келмеген,ата салтты ұстанамыз деген төре ауылының аянышты тағдыры,болашағы күліп отырып жылатады.
Қазақтың белгілі жазушысы,әңгіме шебері Б.Майлин өмірінен жазылған «Біздің Биаға» туындысының да берері көп,тағлымы мол,көркем. Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Достарыңызбен бөлісу: |