Сабақтың тақырыбы: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу Сабақтың мақсаты: а) Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып,оқушылардың ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға үйрету;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу т.б
Сабақтың көрнекілігі:, «Шешендік сөздер» кітабы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1.Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
2.Қандай аңыздарды білесіңдер?
3.Аңыздар өмірде болған уақиғаларға құрыла ма?