Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Еңбек қорғау$$ |
жүктеу/скачать 9,6 Mb.
|
$$$003-005-000$3.3.5 Практикалық сабақ №5 Модуль 3. Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне баға беру. ... &&& $$$003-005-001$3.3.5.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5 Сабақ мақсаты: Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпті аймағын анықтай біліп, оларды қауіпсіз пайдалануды іске асыратын жабдықтардың түрлерімен танысу. Оқу құрал-жабдықтары: 1. Методикалық нұсқау. 2. Анықтама жинағы. 3. Плакаттар. Машиналар макеттері. Қауіпті аймақ және технологиялық жабдықтары туралы түсінік. Қауіпті аймақ - деп машинаның, кұрылғының айналасындағы еңбеккерге тұрақты немесе құбылмалы, қауіпті, болмаса зиянды жағдай туатын кеңістікті айтады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген әсерлердің мөлшерін азайтуға немесе болдырмауға арналған қорғау құралдары: қоршағыш, сақтандырғыш, тосқауылшы, белгі беруші, машинаны алыстан басқару жүйесі, арнайы құрылғылар болып бөлінеді. Қорғау құралдарының баршасына қойылатын талаптар төмендегідей: жұмыс орнындағы қауіпті және зиянды әсерді барынша азайту: қорғау жабдықтары, машинаны пайдалану кезінде жұмысқа кедергі болмай, оңтайлы болу қажет, сенімді және берік болу керек7 жүктеу/скачать 9,6 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |