М.Қ. Малыбаева,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының аға оқытушысы
e-mail: peih.kstu@mail.ru
АРАЛ ТЕҢІЗІ: ЖАҺАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ
Арал теңізі бұрын көлемі жағынан дүниежүзінде төртінші теңіз болып саналған еді, оның табиғат қоры өте бай, ал Арал маңындағы табиғат ортасы гүлденген және биологиялық тұрғыдан өте бай өлке еді. Аралдың бірегей оқшау болуы және әртүрлілігі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Теңіздің осындай атауға ие болуы да таңқаларлықтай емес. Себебі «Арал» деген сөздің өзі түрік тілінен аударғанда «арал» деген мағынаны береді. Сірә, біздің ата бабаларымыз Аралды Қарақұм мен Қызылқұм арасындағы ыстық шөл даладағы жайлы қоныс және құтқарушы арал деп санаған ғой.
Арал теңізі 35000 жыл бұрын Тұран ойпатында пайда болған. Арал деп осы теңізді ең бірінші атаған адам араб географы және ғалымы Ибн-Руста (920 ж.) өз еңбектерінде атап көрсеткен. Арал теңізі ағынсыз, яғни әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ теңіз болып саналады. Арал теңізі Қазақстанның оңтүстігінде және Өзбекстан автономиялық облысындағы Қарақалпақстан аралығында орналасқан. Аталуының өзі «Аралдар теңізі» деген мағынаны білдіреді, себебі онда 300 аралдан артық арал бар.
Оның бассейніндегі климаттық өзгерістерге байланысты теңіздің тарихи табиғи көп жылғы тербелісі амплитуда 1,5-2 метрмен өлшенді. Судың көлемі 100-150 куб. км. өзгертілді, ал су бетінің ауданы - 4 мың шаршы. км көтерілді.
1918 жылы Ресей үкіметі Арал теңізіне сулары құйылатын екі өзен - оңтүстіктегі Амудария өзені және солтүстік шығыстағы Сырдария өзендерінің ағыстарын бұрып жіберді, себебі шөл даланы суару үшін, шөл далаға күріш, қауын, дақылдар мен мақта егу үшін сол өзен сулары пайдаланылды. Бұл Кеңес үкіметі жоспарының бір бөлігі еді, мақтаны немесе «ақ алтынды» өсіру үшін жанталасты, ал мақта кеңес елінің сыртқа шығарылатын басты өнімі болып саналды. Бұл жоспар, әрине, ең ақырында іске қосылды, себебі Өзбекстан осы күнге дейін әлемде мақтаны сыртқа шығарушы ірі елдердің бірі болып саналады.
Суармалы тоғандар 1940-жылдардан бастап ірі ауқымды көлемде салына басталды. Суармалы тоғандардың көбісі нашар салынған, судың сортаңға айналуына немесе булануына әкеліп соқтырды. Орта Азиядағы ірі Қарақұм каналында шамамен 30-75 % су далаға кетті. 1960 жылдары, судың 20 км-ден 60 кубтық километрге дейін жыл сайын теңізге құйылудың орнына жерге ағып кетіп отырды. Осылайша, теңізді сумен қамтамасыз етудің үлкен бөлігі бұзыла бастады, 1960-жылдардан бастап Арал теңізі тарыла бастады.
1960 жылдарға дейін оның ауданы 66,1 мың ш. км-ге теңесті. Тереңдігі 10-15 м, ең үлкен тереңдігі - 54,5 м. Аралдың барынша ірі аралдары – Барсакелмес және Возрождение. 1961 мен 1970 жылдар аралығында Арал теңізінің деңгейі орташа алғанда жылына 20 см-ге түсіп отырды. 1970-жылдарда орташа норма жыл сайын 50-60 см-ге төмендеп отырды, ал 1980-жылдарға қарай теңіз деңгейі төмендей берді: жылына 80-90 см-ге төмендеді [1, 4 б.].
Өңірдегі суармалы көп дақылды егіс алқаптарын дамыту нәтижесінде жердің сапасы нашарлай бастады, қайтарымсыз суды тұтыну көлемі артты, жаңбыры аз қуаңшылық жылдар көп болды, 80-жылдардың басында Арал теңізіне Амудария мен Сырдария өзендері суларының құйылуы мүлдем тоқталды.
1990 жылдарға қарай оның ауданы 36,5 мың шаршы км құрады (соның ішінде Үлкен теңіз 33,5 мың шаршы км құрады). 1995 жылдарға қарай теңіз тіпті су көлемінің төрттен үш бөлігін жоғалтты, ал үстіңгі бетінің ауданы жартысынан астамы қысқарды.
2004 жылдарға қарай теңіз өзінің бастапқы үстіңгі беттік ауданынан 25 % ға дейін қысқарды, бес есеге дейін артқан тұздану сол теңізге тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесін құртып жіберді. Қазіргі кезде теңіз түбінің 33 мың шаршы километрден астамы құрғап кетті. Жағалау сызығы 100-150 километрге дейін шегініп кетті. Судың тұздығы 2,5 есеге дейін ұлғайды. Ал теңіздің өзі екі бөлікке бөлінді – Үлкен Арал және Шағын Арал. Осылайша Арал кеуіп бара жатыр.
Арал теңізінің кеуіп қалуы үлкен масштабта қоршаған ортаның қыста жылы болуына және жазда салқын болуына әкеліп соғуда, қуаңшылық пен құрғақшылық артуда, климаттың континенттілігі шиеленісуде. Тұзды құм шаң теңіз аймағындағы 15 мың га дейінгі жайылым жерді жыл сайын жұтып алуда.
Осы жерде мекендеуші сүт қоректі жануарлар мен құстар түрлері 50%-ға дейін азайып кеткен.
Осылайша, Арал маңындағы Арал теңізінің құрғап кетуіне байланысты ғаламдық сипатта халықтың денсаулығына және шаруашылықты жүргізу үшін зардаптардың шығу тегі мен деңгейі бойынша қалыптасқан экологиялық проблемалардың күрделі кешені пайда болды.
Қазіргі күні Арал маңындағы барлық аймақта тым күрделі экологиялық жағдай қалыптасты (Арал маңындағы аудан 47,2 мың ш. км. құрайды). Бұл жерде су және жер ресурстарының сапасы жойылған, экожүйенің құрамы мен төзімділігі бұзылған, қоршаған ортаның экологиялық құндылығы азайған, оның өнімділігі жоғары қасиеттері жойылған, қоршаған ортаның улануы күрт артқан, осыған байланысты ортаның медициналық-гигиеналық тұрақтылығы жойылған. Рыбацкий, Мойнақ, Әжібай, Жалтырбас, Бозкөл, Алтынкөл және Каратма шығанақтары жоғалып кеткен [1, 3 б.].
Жылына 300 күнге жуық өңірде құмды тұз дауылы соғады. Кеуіп қалған теңіз түбінен атмосфераға 75 млн. тонна құм мен шаң көтеріледі, ал Арал маңындағы 1 га ауыл шаруашылығы жеріне 520 кг тұз түседі, ал бұл егілетін дақылдарға орасан зор шығын әкеледі. Аралқұм шөлі егістік жердің 2 млн. гектарын жұтып алды, жайылымдық жерлердің, орман алқаптарының, басқа да өсімдіктер дүниесінің құлдырауына әкелді. Теңіздің кеуіп қалуы жалғасып жатыр, ал бұл дегеніміз теңіз суының түбінен әлі де тұзды топырақ грунттар босайды дегенді білдіреді, сол кезде Арал маңындағы ауа әлі де улы тұз бен шаңға батады. Егер атмосфералық шаң негізінен ылғалды жерлерде шөгіп жинақталуы мүмкін дегенін ескерсек, онда бұл процестен таулар да сырт қала алмайды, себебі орта азиялық өзендер мен сулардың бастауы сол таулардан алынады. Арал тұзы мен шаңы ауаға тым биікке көтеріле отырып, бұлттармен араласып кетеді, үлкен ара қашықтыққа дейін ұшады, тұзды шөгінділер ретінде шөгеді.
Арал катастрофасының зардаптары өңір аумағынан да шығып кетті.
Теңіздің кеуіп бара жатқан акваториясынан жыл сайын жанартау атқылаған сияқты 100 мың тонна тұз бен әр түрлі химикаттары мен улы қоспалары бар ұсақ ұнтақты шаң ұшады, ұшқан тұз бен шаң дауылы барлық тіршілікке келеңсіз әсерін тигізуде. Арал батыстан шығысқа қарай күшті ағынды ауа ағысының жолында орналасқан, сондықтан атмосфераның жоғарғы қабатына аэрозольдардың шығуына мүмкіндік береді, ластану әсері тым қатты күшейеді.
Тұз ағындарының іздері барлық Еуропа бойынша, тіпті Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін ұшады.
Аралдың таяздау және соған шектес жатқан өңірлердің шөл далаға айналуын талдау 2010-2015 жылдарға қарай теңіздің толықтай жойылып кетуі мүмкін деген қатерлі болжамға әкеледі. Нәтижесінде – жаңа Аралқұм шөлі пайда болады, Қарақұм мен Қызылқұм шөлдерінің жалғасына айналады. Тұз бен әр түрлі улы заттардың үлкен мөлшері көптеген жылдар бойы бүкіл жер шарына таралады, ауаны улайды және планетаның озон қабатын бұзады. Арал маңында жаз неғұрлым құрғақ және қысқа, ал қысы тым қатты суық және ұзақ болады. Ал мұндай жағдайдан ең бірінші, әрине, Арал маңының тұрғындары зардап шегеді. Ол, бәрінен бұрын, суға деген өткір қажеттіліктен туындайды.
Демек, тұрғындар күніне 125 литр орташа норма орнына, тек 15-20 литр су ғана алады. Бірақ тек суға деген қажеттілік ғана емес, сонымен қатар әр түрлі проблемалар да туындайды. Бұл күні өңір аштықтан, жоқтықтан, сондай-ақ әр түрлі эпидемиялар мен аурулардан зардап шегуде.
Арал әрдайым теңіз өнімдерін бай жеткізушілердің бірі болған еді. Енді судың тұзды деңгейінің ащы болғаны соншалықты, көптеген балық түрлері қырылып қалды. Сол кезде аулап жүрген балықтардың қабыршақтарында пестицидтердің жоғары деңгейі жиі байқалды. Бұл әрине, Арал маңындағы тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай әсерін тигізді, балық аулау кәсіпшілігі және балықты қайта өңдеу өнеркәсібі жойылу үстінде, адамдар жұмыссыз қалуда.
Бұрын топыраққа астық түсімін арттыру мақсатында көптеген улы тыңайтқыштар себілді. Улы химикаттармен байытылған судың тазарту құрылғыларының нашар болуының кесірінен өзен ағыстарының бойына да таралды, яғни барлық жаңа жерлерді улады. Соның салдарынан – Арал маңында өсетін қамыс, күріш, бидай құрамында әр түрлі канцерогендердің жоғары деңгейі байқалады. Өңірде ТМД елдерінің ішінде ана мен балалар өлімі жөнінен ең жоғары орында тұр (1 000 туған балаға 75). Туберкулез, астма, тиф, анемия, паратиф, гепатит, рак сияқты ауру түрлері өте көп. Бауыр мен бүйрек аурулары белең алуда [3, 4 б.].
Арал теңізінің жойылып кетуі туралы әр түрлі пікірлер айтылуда.
Біреулер Аралдың түпкі қабаты бұзылып, ол Каспий теңізіне ағып кетті деп айтады. Ал біреулер Аралдың жойылып кетуі Жер шары климатының жалпы жылыну өзгерісіне байланысты табиғи процесс дейді. Кейбіреулер тау мұздықтарының үстіңгі беттерінің құлдырауы, Сырдария мен Амудария өзендерін қоректендіретін шөгінділердің минералдануы мен олардың тозаңдануында деп айтады.
Алайда барынша кең таралған бастапқы нұсқа – Арал теңізі қоректенетін су ресурстарының дұрыс емес таралуы болып табылады. Арал теңізіне келіп құятын Амудария мен Сырдария өзендері бұрын су айдынын қоректендіріп отыратын негізгі күре тамыр еді. Екі өзен де өз бастауын таулардан алатыны белгілі, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Түрікменстан аумақтары арқылы өтеді. 60-жылдардан бастап осы екі өзеннің су ресурстарының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығының жерін суландыруға және Орталық Азия өңірін сумен қамтамасыз етуге кете бастады. Соның нәтижесінде ағысы төмен түсіп кеткен өзен арналары жойылып бара жатқан теңізге дейін жете алмайды, құмға сіңіп кетеді. Бұл ретте бұрылған судың тек 50-60 % ғана суармалы егіс алқаптарына жетеді. Бұдан басқа, Амудария мен Сырдария өзен суларын дұрыс емес және үнемді емес бөлудің кесірінен суармалы жері бар тұтас аудандарды батпақты жерлерге айналдырып жіберді, ол жерлер пайдалануға жарамсыз болып қалды, ал кейбір жерлер су мүлдем жетіспейтін жерлерге айналды. Егін шаруашылығы үшін жарамды 50-60 млн. гектар жерден тек 10 млн. гектар ғана суарылады.
Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық қауымдастықтар Арал маңындағы проблемаларды шешу бойынша шешімдер қабылдауда. Алайда ол шешімдер өкінішке қарай экологиялық апаттың бастапқы себебімен күресуге емес, ең бірінші кезекте оның зардаптарын жоюға бағытталған. Мемлекеттер мен халықаралық гуманитарлық ұйымдар бөлетін негізгі күштер мен қаражаттар халықтың тіршілік деңгейін және өңірдің инфрақұрылымын көтеруге кетеді. Теңізді қалпына келтіру туралы мүлдем ұмытып кетті.
Қазіргі кезде әлемдік капиталды Арал теңізінің тағдыры емес, сол өңірдің қаншалықты табиғи қоры бар екені қызықтыратыны өте өкінішті. Бұл жердегі газдың болжамдалған қоры 100 млрд. куб. метрді құрайды, ал мұнай 1-1,5 млрд. тоннаны құрайды. Арал бассейнінде жапондық JNOC корпорациясы мен Shell британ-голландиялық компанияның мұнай мен газды іздеуі жүргізілуде.
Әлемдік инвестицияларды қатыстырып, өңірді құтқаруға болады деп ойлайтын көптеген жергілікті шенеуніктер тек өз қара бастарының қамын ғана ойлайды.
Алайда бұл Арал теңізінің проблемасын шеше алады ма екен? Бәрінен бұрын, кен орындарын қазу өңірдегі экологиялық ахуалды одан сайын шиеленістіреді.
1994 жылы 23-24 маусымда Парижде Дүниежүзілік банк, ПРООН бен ЮНЭП ұйымдастырған Арал теңізі бассейнін дамыту Бағдарламасы бойынша кездесу өтті, осы кездесуде Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдерінің, 33 үкіметтік және агенттік және үкіметтік емес ұйымдардың делегациясының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері әзірлеген жақын арада жақсарту бойынша нақты іс әрекеттер Бағдарламасы мақұлданды.
1995 жылы Орталық Азия республикаларының үкіметі, өңір мамандары мен ғылыми қоғам, халықаралық ұйымдар Нөкіс қаласында Арал теңізі бассейнінің тұрақты даму проблемалары бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың Декларациясын қабылдады.
Ол тұрақты даму принциптерінің қатаң сабақтастығын және осындай маңызды проблемаларды шешуге назар аударуды қарастырады.
Орталық Азия мемлекеттері үкіметтері құрған Мемлекет аралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясы белсенді жұмыс атқаруда, ол экология талаптары және барлық елдердің мүдделері есебінен Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын бірлесе басқару мен пайдаланудың барлық мәселелерін қарастырады. Бұл ретте өңірдегі бес республиканың қай қайсысы да теңізді сақтау проблемасымен бірлесе қарастырады.
Арал теңізі шамамен 50 жыл ішінде кеуіп қалды. 1987 жылы шегініп бара жатқан теңіз екі жеке су бөлікке бөлінді, Солтүстік Арал теңізі (Шағын Теңіз немесе Кіші Арал теңізі) және Оңтүстік Арал теңізі (Үлкен Теңіз немесе Үлкен Арал теңізі). Оларды қосу үшін жасанды канал да қазылды, бірақ олардың арасындағы байланыс 1999 жылы тоқтап қалды, себебі екі теңіз де тарыла бастады. 2003 жылы Оңтүстік Арал теңізі әрі қарай шығыс және батыс бассейндері деп бөлінді.
1991 жылы Қызылорда қаласында Н.Ә. Назарбаев қатысымен Қазақстан ғылым академиясының сессиясы өтті. 1993 жылы мемлекеттердің бес басшы қатысымен саммит өтті, сонда Президент Н.Ә. Назарбаев Аралды құтқару бойынша халықаралық қорының бірінші президенті болып сайланды [4, 7 б.].
Оңтүстік Арал теңізі маңызды дәрежеде Өзбекстан жағында қалды, маңызды түрде тағдыр тәлкегінде қалды.
Енді бұл да бір бірінен оншақты километрге алшақтап кеткен үшінші су айдыны. Шағын Арал — Қазақстан аумағындағы Арал теңізінің бір бөлігі.
Шағын Аралды тұзды көлдің қалған бөлігімен қосатын тар бұғазды 1992 мен 1998 жылдары арақабырға қылды, бірақ екі жолы да бекітілмеген құм бөгеті — су деңгейінің арту шамасы бойынша сумен шайылып кетті.
Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін Арал теңізін қайта жаңғырту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін құтқару бойынша көптеген жобалар әзірленді. 2003 жылы қазанда Қазақстан Үкіметі ұзындығы 13 км болатын жаңа әрі неғұрлым сенімді Көкарал бөгетін салу жоспары туралы жариялады, ол 2005 жылы салынып бітті. Судың деңгейі маңызды түрде артты, ащылығы біршама азайды, қазір өнеркәсіптік масштабта балық ауланады.
Әдебиеттер тізімі
1. Нукусская декларация государств Центральной Азии и международных организаций по проблемам устойчивого развития бассейна Аральского моря (г. Нукус, 5 сентября 1995 г.) // http://mkur.uznature.uz.
2. Программа конкретных действий по улучшению экологической обстановки в Приаралье. 23-24 июня 1994.
3. Международный Фонд спасения Арала «Программа конкретных действий по улучшению экологической и социально-экономической обстановки в бассейне Аральского моря на период 2003-2010 гг.». –Душанбе – 2003 // http://ecoportalca.kz.
С.А. Сейтбеков,
Достарыңызбен бөлісу: |