Электр доғасы, вольтты доға – ашық жарқырайтын плазмалы шнурды білдіретін доғалы
разрядтың бір түрі. Электродтардың горизонталь орналасуы кезінде осы шнур газдың
қыздырылған разрядының шығыстық ағынының әсерімен доға формасын қабылдайды.
Доғалық пеш – электр доғасының жылуы металл және басқа материалдарды балқытуға
қолданылатын өнеркәсіптік пеш.
Индукциялық пеш –металл айнымалы электромагнитік өріске орналастырылып, нәтижесінде
металда оның электр тогы индукцияланатын электрлік балқыту пеші.
Плазма – оны түзуші зарядталған бөлшектердің оң және теріс зарядтарының тығыздығы бірдей
болатын иондалған газ.
Сәулелену –квант теориясында сәулелену атомдардың, молекулалардың, және басқа кванттық
жүйелердің бір күйден екінші күйге ауысуы кезінде фотондардың пайда болуы ретінде
қарастырылады. Индукцияланған сәулелену, спонтанды сәулелену, тежеуші сәулелену,
сонымен бірге жылулық сәулелену, люминесценция және жарықтың комбинацияланған сөнуі
болып бөлінеді.
Жарықтың шағылысуы –жарық толқыныныңсыну көрсеткіші әр түрліекі ортаның
шекарасына түсуі кезіндегі оның бірінші ортаға қайта оралуы.
Фотометрия– оптикалық сәулеленудің түсуі, таралуы, сынуы және сөнуі кезіндегі оның
сипаттамаларын өлшеу әдістері мен теориялары қарастырылатын физикалық оптиканың бөлімі.
Лазер – оптикалық резонаторға орналастырылған заттың қоздырылған атомдарының,
иондарының, молекулаларының немесе басқа бөлшектерінің жүйесімен жарықтың
индукциялық сәулеленуіне негізделген оптикалық диапазонның когерентті электромагнитті
сәулелену көзі.
Жүйе- дегеніміз белгілі бір мақсатқа жету үшін құрастырылған элементтердің
жиынтығы
Интерфейс- құрылымдардың арасындағы ақпаратты алмасу алгоритмі ретінде.
Санауыш – ЭЕМ функционалды түйіні, кірісіне келіп түскен сигналдар санын санауға және
оны n-разрядты екілік код түрінде беруге арналған